Аймақтар • 19 Тамыз, 2022
Жетісу өңірінде теңіз деңгейінен 1 425 метр биіктікте Жоңғар Алатауының етегінде табиғи таза бал өндіріледі. Мұнда Ескелді ауданындағы «ТеkТаu» ЖШС 300-дей араның ұясын ұстап, омарташылықпен айналысуда. Серіктестік жылына 100 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Өзі өндіргенімен қатар олар балды жергілікті омарташылардан да сатып алады. Балдың сапасы мен тазалығы өздерінің арнайы зертханасында тексеруден өтеді. Өнімдерін отандық нарыққа, БАӘ мен Ресейге және Қытайға экспорттап отыр.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2022
Шағын шаруа қожалықтарының қолы ұзарды
Қостанайлық шаруалар ауыл шаруашылығы саласына арналған жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша жаңа техника сатып ала бастады. Аталған бағдарлама мемлекет қолдауына арқа сүйей отырып, жаңа техника сатып алуға мүмкіндігі жете бермейтін шағын шаруа қожалықтарының техникалық паркін жаңартуды көздейді.
Қазақстан • 19 Тамыз, 2022
Тұңғыш түсіндірме кітап жарық көрді
Конституция күні қарсаңында Орталық коммуникациялар қызметінде сараптамалық брифинг өтті. «Конституциялық реформалар – Жаңа Қазақстанды құрудың құқықтық және саяси негізі» тақырыбы төңірегінде ұйымдастырылған іс-шарада Конституцияға енгізілген өзгерістерге түсіндірме кітабы таныстырылды.
Қазақстан • 19 Тамыз, 2022
60 мың гектар жайылым мемлекетке қайтарылды
Amanat партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының Ақмола облысына сапары барысында мемлекет меншігіне 60 мың гектар жайылымдық жер қайтарылды. Енді бұл жер учаскелерін ауыл тұрғындары мал жаю және шөп шабу үшін пайдаланатын болады. Бұл жөнінде партияның баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 19 Тамыз, 2022
Эфиопия үкіметі Тиграйдағы атысты тоқтату жөніндегі келісімге тез арада қол жеткізу қажет екенін мәлімдеді. Сонда ғана соғыс өрті шарпыған аймақта гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруға, қарапайым қажеттіліктерді өтеуге мүмкіндік туатынын айтып отыр.