Тарих • 23 Тамыз, 2021
Дәстүрлі дала өркениетінің дәріпті ғылыми шежіресі
Ұлттық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың кез келген саласында іргелі жетістіктерге қол жеткізу үшін өз басым, ең алдымен, қазақ этнографиясын игерудің қажеттілігін айрықша атап айтар едім. Ғылымдағы, соның ішінде этнографиямен етене байланысты әдебиеттану, әсіресе, фольклортану салаларындағы жарты ғасырдан астам уақыт бойы жинақталған іс-тәжірибем осыны айғақтайды. Расында да, ұлтымыздың этникалық «жан дүниесінің» ғылыми негізделген түзіліс-моделі іспеттес қазақ этнологиясының (этнографиясының), әсіресе, оның тарихи саласының негізгі жетістіктерін зерделемеген әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар өкілдерінің тағылымды зерттеу жұмысын жүргізе алуы неғайбыл ғой.
Тарих • 23 Тамыз, 2021
Асылдың сынығы еді аңызы көп...
Өткен дәуірдегі Кеңес өкіметінің коммунистік идеологиясының құрсауынан құтылып, өз алдымызға егеменді ел болғалы, арғы-бергі тарихымызды таразылау үшін архивтерде буулы жатқан құжаттарды парақтағанда, небір сорақы сұмдық жағдайларды оқып жүрміз. Кеңес өкіметі есімдері күллі түркі жұртына танымал тұлғаларды айтпағанда, орталықтан шалғай шеттегі шағын ауылдардың бірлі-жарым арқасүйер, маңдайалды азаматтарын да еркімен жүргізбеген екен.
Тәуелсіздік • 23 Тамыз, 2021
Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеновтің ескерткіші ашылды. Ел мен жердің тұтастығын сақтап қалуға өлшеусіз үлес қосқан тау тұлғаның мүсіні Әскери-тарихи музей жанындағы алаңда орналастырылды.
Президент • 23 Тамыз, 2021
Мемлекет басшысы жаңа Жарлыққа қол қойды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Тамыз, 2021
«Үй ошағы» індет ошағына айналды
Қарағанды облысында соңғы екі аптада коронавирус инфекциясы тіпті екіленіп кеткен. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстың бас санитарлық дәрігері Юрий Залыгин қауіпті дертпен ауырғандар санының 1,2 есе өсіп кеткенін өкіне мәлім етті.