Президент • 23 Тамыз, 2021

Мемлекет басшысы жаңа Жарлыққа қол қойды

2404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жаңа Жарлыққа қол қойды

Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы

2021 жылғы 23 тамыз

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

    Президенті                                                                                Қ.Тоқаев

 

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы  20 тамыз

№ 642