Саясат • 18 Тамыз, 2022
Парламент Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Түркістан облысы Сайрам ауданында жергілікті шаруалар, кәсіпкерлер және тұрғындармен кездесіп, ауыл шаруашылығына қатысты өзекті мәселелерге назар аударды, деп хабарлады жоғарғы палатаның баспасөз қызметі.
Қоғам • 17 Тамыз, 2022
Балалар демалысына 130 миллион теңге бөлген
Балалар жылы аясында өңірде балдырғандарға жасалып жатқан қамқорлық аз емес. Таяуда ғана Тараздың төбесіне қара түтін төндірген «Қазфосфат» ЖШС жұрттың наразылығын тудырғанымен, серіктестікке қарасты тағы бір мекеме біршама уақыт бұрын балалардың алғысын алып үлгеріпті.
Қазақстан • 17 Тамыз, 2022
Мемлекеттік шекара – Ту, Елтаңба және Әнұранмен қатар тәуелсіз елдің ажырамас нышаны болып саналады. Халқымыз үшін қастерлі ұғым болып саналатын мемлекеттік шекараны қорғау, ата-бабадан қалған жерді күзету – үлкен абырой, маңызды жауапкершілік. Биыл Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрылғанына 30 жыл толады. Кәсіби мереке қарсаңында ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Ерлан АЛДАЖҰМАНОВ ведомствоның қалыптасуы мен даму перспективалары туралы айтып берді.
Қазақстан • 17 Тамыз, 2022
2022 жылдың басынан бері пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі комиссияның шешімімен 1 млн 119 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекет меншігіне қайтарылған.
Білім • 17 Тамыз, 2022
Өзге тілді сыныптарда қазақ тілі қалай оқытылады?
Арина атты жайдары мінезді көршіміз бар. Елордадағы клиника-диагностикалық зертханада мейіргер болып істейді. Осы қызметінен алатын жалақысы аздау болған соң, қосымша ресепшн жұмысын да атқаруға сұраныпты. Бірақ қазір қиналып жүр екен. Өйткені келушілер көбіне қазақша сұрайды, ол жауап бере алмайды. Ал кейіпкеріміз қазақ тілін 11 жыл бойы мектепте оқыған. Өзге тілде білім беретін сыныптардың түлектері қазақ тілі пәнін 10-11 жыл оқыса да неге ойын жеткізе алатын деңгейде үйреніп шықпайды? Әдістеме әлсіз бе? Бағдарлама бұрыс па? Оқулық олқы ма? Әлде мәселе кадрдың кәсібилігіне тіреліп тұр ма?