Қазақстан • 11 Тамыз, 2017
Қазақ әліпбиінде ең басты әріп қайсы деп ойлайсыз? Менің ойымша, бұл Қ әрпі. Неге дейсіз ғой? Еліміздің аты Қазақстан болғасын, ұлтымыз қазақ болғасын. Қазақтың ең жақсы сөздері осы әріптен басталатын болғасын: қазына, қазы-қарта, қымыз, қуырдақ, қызық, қыз, қамқорлық, т.с.с.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2017
Қостанайда екі күн бойы «Автомобиль жолдарын күтіп-баптау тұрақтылығы» жобасы бойынша оқыту-семинары өтті. «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ пен Азия даму банкі ұйымдастырған шараға жол құрылысы және жол жөндеу ісімен айналысатын мердігер компаниялар басшыларымен мамандары қатысты.
Қазақстан • 11 Тамыз, 2017
Әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жеткен жетістіктерімізді одан сайын еселей түсуге бағытталған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жариялаған Жолдауында аса маңызды тың идеялар мен нақты бастамалар ұсынылған болатын. Ерекше маңызды да сан-қырлы ұсыныстар, айқын міндеттер қазіргідей жаһандық дағдарысты еңсерудің жолдарын қарастырып, жүзеге асыруға бағыттан, экономика мен қоғамның жаңғыруының жаңа кезеңіне бастау болды. Бұл маңызды құжат, ең алдымен, ұлттық экономиканы көтеруге, халықтың әлеуметтік жағдайын күшейтуге ықпал етуде.
ЭКСПО-2017 • 11 Тамыз, 2017
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі жұмыстарына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің үш мыңнан аса студенті атсалысуда. Оқу орнының еріктілер қозғалысы қалалық штабы шараның екінші маусымын аяқтап, салтанатты жиын өткізді. Онда «Айдың ең үздік командасы», «Үздік супервайзер», «Үздік ерікті» аталымдарының иегерлері анықталды.
ЭКСПО-2017 • 11 Тамыз, 2017
Анадолының ыстық ықыласы (ЭКСПО жаңалықтары)
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі қалашығында Түркия Республикасының ұлттық күні өтті. Түріктердің таңғы шай дастарқанынан соң басталған мереке дәстүрлі өнердің алаңына айналды. Вейсель Челикдемир халық құндылықтарын паш ететін құм шоуын көрсетіп, көпшіліктің қызығушылығын туғызды. «Анадолы оттары» би тобы «Хорон» биін билеп, осы арқылы, бауырлас ұлттың бай мәдениеті мен күш-қуатын аңғартты.