Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Татарстан мен Талдықорған арасы
Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов Алматы облысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Ол облыс әкімі Амандық Баталовпен кездесіп, бірқатар келісімдер жасалды. Сондай-ақ, облыстың тыныс-тіршілігін бағамдап, жеткен жетістіктерімен танысты.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
Қиғаш ауылдық округінде халықаралық «Таза жағалау» акциясы ұйымдастырылды. Оған Ресей Федерациясынан Астрахань облыстық табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау қызметі басшысының орынбасары Марина Галкина, Красный Яр аудандық муниципальдық білім бөлімінің басшысы Нұрғали Байтеміров бастаған топ қатысты.
Үкімет • 29 Тамыз, 2017
Сағынтаев АҚШ энергетика министрінің орынбасарымен кездесті
Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев АҚШ-тың энергетика министрінің бірінші орынбасары Дэн Бруйллэтпен (Dan Brouillette) энергетика саласында екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
4-24 тамыз аралығында барлығы 1 416 ауыл әкімі сайланды
Осы жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасының 14 облысында аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін сайлау мәресіне жетті.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Кеше Мұхтар Құл-Мұхаммед Қарағанды облысына барды
Кеше «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Қарағанды облысына барды. Сапардың басты мақсаты – Елбасы бастамаларының жүзеге асу барысын қадағалап, атқарылған жұмыстармен танысу. Соған сәйкес М.Құл-Мұхаммед Қарағандыдағы көлік-және логистикалық орталық, құбырларды изоляциялау кәсіпорны және ескі автокөліктерді жою зауытында болды. Бұл өндіріс ошақтарының барлығы Индустриялық-инновациялық даму және «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламаларының нәтижесінде іске қосылған.