Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Қостанайда оркестрлер мен ансамбльдердің тұңғыш халықаралық фестивалі өтіп жатыр
«Түркі әлемі» фестивалі Қостанай облысы әкімдігі мен облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен өтіп жатыр. Оған Алматыдан «Хассақ» ансамьблі, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Башқұртстаннан өнер ұжымдары қатысуда. Фестивальдің ашылу салтанатында Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов өнер ұжымдарын құттықтай отырып, тілі де, түрі де бір түркі жұрты өнерінің де түп қайнары бір екенін айтты.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Әр азаматқа құқықтық кеңес берілді
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ата заңның пәрменін арттырып, еліміздің негізгі құжатының маңызын жұртшылыққа кеңінен түсіндіру мақсатында ҚР Конституциялық Кеңесі өткізген «Негізгі Заң апталығы» аясында Алматы қаласының Әділет басқармасы қала тұрғындарының құқықтық маңызы бар сұрақтарына жауап берді.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Тараздық тұрғындар баспаналы болды
Конституция күні мерекесі қарсаңында Тараз жұртшылығы қуанышты сәттің куәсі болды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Тараз қаласындағы 15-ші шағын ауданда 80 пәтерлі 9 қабатты үй ел игілігіне берілді. Әулиеаталық әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған осынау игі шара жыл бойына жалғасатын болады. Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов арнайы қатысып, тұрғындарға пәтер кілтін табыстады. Өз сөзінде Асқар Мырзахметов баспана қай уақытта да өзекті мәселе екенін айта келіп, қала халқының саны өсуімен тұрғын үйге деген сұраныс көлемінің де артып келе жатқанын жеткізді.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Қаржы бөлінсе Алматыда ЛРТ құрылысы басталады - Б.Сағынтаев
Алматыда троллейбустар көбейеді. Алдағы уақытта қоғамдық көліктің бұл түрінің тағы 4 жаңа бағыты ашылады. Ал экологиялық көліктің жүрісін жеделдету үшін қаладағы желілер күрделі жөндеуден өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Оралда инвестиция тарту тренингі өтті
Үшінші мәрте өтіп отырған аймақтық семинар жұмысына Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, «Kazakh Invest» ҰК АҚ төрағасының орынбасары Біржан Қанешев, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Атырау облыстарының өңірлік өкілдері, мемлекеттік мекемелердің, кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.