Қоғам • 20 Тамыз, 2020
Карантин кезінде 2,3 миллионнан астам қазақстандық біржолғы төлем алды
20 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 579 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 367,1 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 357,9 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Бұл туралы Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Коронавирус • 20 Тамыз, 2020
Коронавирусқа қарсы вакцина тегін болмайды - Алексей Цой
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ресейлік коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алу жоспарлары туралы айтты. Сонымен қатар қазақстандықтар вакцинадан зардап шеккен жағдайда кім жауапты болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Тамыз, 2020
Қамкөңіл жандарға айрықша қызмет көрсетеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында "мемлекеттің ерекше қажеттілігі бар адамдарға көпшілікпен бірдей жағдай жасауға міндетті" екенін бөле-жара атап көрсетті. Яғни қоғамдық өмірде де, кәсіби қызметте де, мемлекеттік қызметтер алуда да мүгедек жандар жайсыздық сезінбеуі, кедергілерге тап болмауы тиіс, деп жазады Egemen.kz
Елорда • 20 Тамыз, 2020
Нұр-Сұлтанда ҚИК-пен бірлесе іске асырып жатқан әлеуметтік пәтер алушылар санаты көбейді
Елордада қол жетімді баспана көлемі 2020 жылы үш есеге артты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 20 Тамыз, 2020
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Бүгін Алматы уақытымен 06 сағат 32 мин 22 сек (2020 жылғы 20 тамызда 00 сағат 32 мин. 22 сек. Гринвич бойынша) жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы сейсмикалық станциялар желісі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz