"Қазақстандық ипотекалық компаниямен" бірлесе іске асырып жатқан әлеуметтік пәтер алушылар санатын көбейттік. Енді бұл қолжетімді баспанаға дәрігерлер, мұғалімдерден басқа әлеуметтік қызметкерлер, полицейлер, мәдениет қайраткерлері мен спортшылар үміткер бола алады. Биыл жалпы алғанда 1 мыңға жуық пәтер беріледі. Іске асыру мәселелері бүгін ҚИК-пен келісілді.
Бұдан басқа, кезекте тұрғандар (халықтың әлеуметтік әлсіз топтары), тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін тұрғын үй салу бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Сондай-ақ, келесі жылдарға дайындалып жатырмыз.
Президенттің тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй көлемі үш есе артты", – деп жазды Алтай Көлгінов.
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін Telegram желісінде бізге жазылыңыз.