Қоғам • 20 Тамыз, 2020
Мурал бізді мұратқа жеткізе ме?
Кеншілер астанасында кескіндеме өнерінің «Мурал» деген түрі сәнге айналғандай. Соңғы бір-екі жылдың мұғдарында Қарағандыдағы сұрқай да сұрғылт түсі еңсені басып тұратын көпқабатты үйлердің қабырғаларында көше суретшілерінің кесек туындылары бірінен соң бірі пайда бола бастады. Мысалы, осы жылдың мамыр айында былтыр браконьерлердің қолынан қаза тапқан қорықшы Ерлан Нұрғалиевті кескіндеген мурал тоғыз қабатты үйдің қаптал қабырғасына тұтас салынды. Ол жайында кезінде «Егеменнің» бетінде сүйіншілетіп жаздық та («Қорықшыға құрмет», №91. 12.05.2020ж.).
Ғылым • 20 Тамыз, 2020
Жамбылдық жас өнертапқыштың табысы
Бүгінгідей ғылым дамып, өркениет өрлеп тұрған дәуірде білімді ұрпақтың қалыптасатыны да заңдылық. Егемен еліміздің ертеңі саналатын жастардың дені жаңалыққа құштар, ғылымға әуес. Бұл орайда еліміздің әр қиырында талантымен талайды тамсандырып жүрген білімді жастар жетерлік. Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Мөлдір Айжарық та сондай жастардың бірі.
Футбол • 20 Тамыз, 2020
Пандемияға байланысты екі рет кейінге шегерілген футболдан Қазақстан чемпионаты 18 тамызда қайта жалғасты. Біріншіліктің алғашқы күні 4-турдың үш ойыны өтті.
Оқиға • 20 Тамыз, 2020
Аң аулау – ертеден қалыптасқан ұлттық болмысымызға тән салт. Аңшы десе көз алдымызға – жүйрік атты ерттеп мініп, соңына құмай тазы ерткен, иығына берен мылтық асынып, қолына қыран бүркіт қондырған мол пошымды тұлға елестері анық.
Руханият • 20 Тамыз, 2020
Оғыз елінің астанасы болған Жанкент қалашығы жайлы аңыз да, дәл дерекке негізделген дәйек те көп. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалашық туралы бұрын-соңды жазылған зерттеу еңбектері де аз емес. Оғыздарға астана болған тарихи шаһарды зерттеу жұмыстары соңғы жылдары жүйелі жүргізілді.