Футбол • 20 Тамыз, 2020

Ішкі чемпионат қайта жалғасты

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пандемияға байланысты екі рет кейінге шегерілген футболдан Қазақ­стан чемпионаты 18 тамызда қайта жалғасты. Біріншіліктің алғашқы күні 4-турдың үш ойыны өтті.

Ішкі чемпионат қайта жалғасты

Ұзақ үзілістен кейінгі чемпионаттың бірінші ойынында «Каспий» мен «Қайрат» клубтары бақ сынады. Талғар қаласындағы ұлттық құраманың жаттығу базасының стадионында өткен кездесуде алматылық ұжым 3:0 есебімен еш қиындықсыз жеңіс­ке жетті. Орталық стадиондағы «Жеті­су» мен «Ордабасы» арасындағы матчта Шымкенттің командасы камбэк жасап, жанкүйерлерге қуаныш сыйлады. Бірін­ші таймда «Ордабасы» 2:0 есебімен жеңіліп жатып, ойын соңында 3:2 есебімен жетісу­лықтардан жеңісті жұлып алды. Ал «Тараз» бен «Қызылжар» футболшылары бір-бірінің қақпасынан саңлау таба алмай, 0:0 есебімен тең тарқасты.

Турнир кестесінде «Қайрат» 12 ұпаймен көш бастады. Алматы командасынан екі ойын кем өткізген «Астана» мен «Тобыл» клубтары 7 ұпаймен екінші және үшінші орындарды бөлісіп тұр. Бесінші тур матчтары 21-22 тамызға жоспарланған.