Тәрбие • 09 Тамыз, 2017
Қиялдағы күйеу, аспандағы ару...
Мейлі, ер-азамат болсын, мейлі, әйел болсын, кейде өмірдегі жоқ адамды іздейді. Ай десе аузы, Күн десе көзі бар қыздар оң жақта отырып қалатыны несі? Болмаса, саналы десең саналы, білімді десең білімді жігіттер неге сүр бойдақтардың санатынан суырыла алмайды? Өзімізді құдіреттімін деп есептейтін болуымыз керек, қиялдағы күйеуді армандаймыз... Жер бетінде жоқ аруды аңсаймыз.
Медицина • 09 Тамыз, 2017
Әр адам өз мәселесін өзі ғана шешеді
«Үйлену оңай, үй болу қиын». Ертеден келе жатқан есті сөз. Отбасылық өмірде күрмеуі қиын түрлі жағдай кездесетіні белгілі. Соңғы кездері осындай түйткілді проблеманың түйінін тарқату үшін психологқа жүгінетіндер де бар. Өйткені, «шағын мемлекетті» сақтап қалу үшін баратын қадам бұл. Жоғары санатты маман, тәжірибелі психолог Марал Сарбасқызымен әңгімелескенде отбасылық қатынас психологиясына қатысты біраз мәселеден хабардар болдық.
Мұхтар Әуезовтің белгісіз хаты
Биылғы жылы 120 жылдық мерейлі тойы аталып өткелі отырған ұлы суреткер, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің бұрындары жарияланбаған, күні бүгінге дейін беймәлім болып келген қолжазбаларын «Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұраларындағы беймәлім материалдарды зерттеу, жүйелеу, жариялау» атты ғылыми жоба негізінде зерттеп жүрген «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының ғылыми ұжымы жақында үлкен бір рухани қазынаға кез болды. Жазушы мұражайындағы қолжазбалар қорындағы №618 папкадан ұлы суреткерге Саратов қаласындағы кеңестік кезеңде кеңінен насихатталып, идеал тұтқан тарихи тұлға, орыс революционер-демократы, ғалым, жазушы, философ, әлеуметтанушы, әдебиет сыншысы Николай Гаврилович Чернышевскийдің туған жеріндегі музей-мұражайының директоры, оның тікелей ұрпағы, немересі Нина Михайловна Чернышевскаяның 2 хаты, кейін бас жағындағы мәтіндері жоқ, соңғы беттері ғана бар тағы 2 хатының мәтіні табылды.
ЭКСПО-2017 • 09 Тамыз, 2017
Көрмеден алған әсеріміз шексіз
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне баруға күні бұрын дайындалып, билет сатып алған күні ұлым мен қызымның қуанышында шек болмады. Теледидардан қызықтағаны өз алдына, көзбен көргеннің жөні мүлдем бөлек қой. Күн санап жүрді. Шынында да 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысуға зор ынта білдірген, баламалы энергия мен «жасыл» технологияның заманауи жетістіктері насихатталатын шараны тамашалау пешенеге жазыла бермейтін бір бақыт екенін кейін сезіндім.
ЭКСПО-2017 • 09 Тамыз, 2017
Ресей – EXPO-2017 Football Cup чемпионы
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған спорттық шаралар ішіндегі шоқтығы биігі EXPO-2017 Football Cup турнирі болды десек қателеспейміз. Бұлай деуге себеп, Астанаға өткен ғасырдың 90-шы және 2000-шы жылдары әлем жанкүйерлерін аузына қаратқан футбол жұлдыздары ат арытып келді. Мысалы, олардың арасында Эрнан Креспо, Жан-Пьер Папен, Нуну Валенте, Бруну Баштю, Сергей Кирьяков, Беньямин Лаут, Манфред Кальтц, Марко Дельвеккио, Манише және Анджело Ди Ливио сынды саңлақтар болды.