Үкімет • 09 Тамыз, 2017
Үкімет өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті жаппай дамыту ісін талқылады
Ресми деректерге сүйенсек, ел азаматтарының 25 пайызында тек орта мектептік білім бар, ал өзін өзі жұмыспен қамтып жүргендердің 49 пайызында орта арнаулы немесе кәсіптік білім жоқ екен. Сондықтан мемлекет осындай азаматтарды еңбек нарығына қажетті мамандарға оқыту арқылы жұмыссыздықты азайтуды көздеп отыр. Бұл туралы кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті жаппай дамыту» тақырыбында өткен Үкімет отырысында талқыланды. Сондай-ақ, күн тәртібінде «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамыту бірыңғай бағдарламасының жүзеге асырылу жайы қаралды.
Қазақстан • 09 Тамыз, 2017
Жастар мал бағудан неге қашады?
Ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамыту – бүгінде ауыл шаруашылығы саласындағы басым бағыттың бірі. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да ет өндірісі мен өңдеуді дамыту, ет экспортын ұлғайту міндеттері қойылған. Ал атам қазақ «мал баққанға бітеді» дейді. Шындығында, бұл саланың жанданып, мал басының өсуіне осы шаруамен түбегейлі айналысатын, нағыз малшы-жұмысшы мамандардың көп болуының да әсері зор. Ал қазіргі таңда атакәсіпке мойын бұрған жастарымыз аз. Тіпті, ауыл тірлігінен ат-тонын ала қашатындарды көргенде, амал жоқ, ауыл шаруашылығының келешегіне алаңдайсың. Себебі, мұның бәрі айналып келгенде, мал шаруашылығы саласының өрісін кері тартып, бірқатар мәселе туындатып отыр. Төмендегі мақалада әңгіме осы жөнінде өрбиді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Басымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды жалғастыру керек», деген еді. Осы мәселеге орай ой қосуды жөн көрдік.
Қазақстан • 09 Тамыз, 2017
Елдің экономикалық өсімі, жалпы әлеуметтік ахуалы алға қойған негізгі мақсаттарға қол жеткізумен, жоспарлы межелерді тиімді игерумен тікелей байланысты. Бұл ретте алдымен айқын бағыт, нақты жоспардың болуы өте маңызды. Әрине, біздің елдің кемел келешекке жол тартқан даму бағдарламалары баршылық. Соның ең бірегейі, сүйекті-сүбелісі – бүгінде елімізде жүзеге асырылып жатқан кең ауқымдағы жаңғырту жобасы – «100 нақты қадам» Ұлт жоспары.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2017
Оңтүстіктің полиглот жастары ЭКСПО көрмесінен оралды
Таяуда ғана Астанаға аттанған оңтүстікқазақстандық 100-ден астам ерікті «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келуші қонақтарға бір айдан астам уақыт бойы қызмет көрсетіп, бүгін Оңтүстікке оралды.