Білім • 14 Тамыз, 2024
Магистратураға құжат қабылдау басталды
Магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталды. Осы аптаның басы, яғни 12 тамыз күні басталған құжат қабылдау 15 тамызға дейін (қоса алғанда) жалғасады. Үміткерлер өз құжаттарын жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы тапсыра алады.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2024
Ұлытауда шахмат орталығы ашылады
Жезқазған қаласындағы қараусыз қалған нысандардың бірінің бағын шахмат ашатын болды. Құрылысы тоқырап, қаланың сәулетіне нұқсан келтіріп тұрған нысан алдағы уақытта еліміздегі ең үлкен шахмат академиясының орталығына айналады.
Сұхбат • 14 Тамыз, 2024
Бүгінде отандық математика ғылымының жетістігі елімізге ғана емес шетелге жақсы мәлім. Әсіресе мектеп оқушылары мен студенттердің, ғалымдардың халықаралық дәрежеде қол жеткізген жетістіктері еліміздегі математика ғылымын одан әрі дамытуға кең жол ашып отыр. Біз осы мақсатта Математика және модельдеу институтының директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі, Махмұд Садыбековпен отандық математика ғылымын дамытуға байланысты әңгімелескен едік.
Талбесік • 14 Тамыз, 2024
Елімізде табиғат байлығын қорғауға бағытталған «Сұңқар» акциясы басталды. 1 тамыз бен 31 қазан аралығын қамтитын акция аясында еліміздің оңтүстігі мен шығысындағы таулы аймақтарды мекен ететін ақсұңқар, ителгі, лашын секілді сирек кездесетін құстарды заңсыз аулау әрекетінің жолын кесу күшейе түседі.
Құқық • 14 Тамыз, 2024
Адам құқы қоғамнан оқшау ортада да қорғалады
Қандай жағдай болсын адам құқы мен бостандығы аяққа тапталмауға тиіс. Қылмыскер ретінде жазасын өтеп жатқан күннің өзінде заң аясында кез келген азаматтың құқы қорғалуы керек. Өйткені біз заң қағидатымен жүретін, тәртіпке бағынатын құқықтық мемлекетпіз. Бұл ретте еліміздегі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің атқарып отырған жұмысы аз емес екенін айта кеткен жөн.