Облыс басшылығының бастамасын қолдаған «Қазақмыс» корпорациясы бұл нысанды өз меншігіне алып, мұнда қайтадан күрделі жөндеу жүргізуді қолға алды. Жалпы аумағы 900 шаршы метрді құрайтын нысанда ойын залдары, жаттықтырушылар кабинеті, күту, демалыс бөлмелері болады. Академия 700 баланы қамтиды.
– Еліміздегі ең ірі шахмат академиясының Ұлытауда ашылуы өте маңызды. Бұл біздің жас облысымыздың жан-жақты әлеуетін кеңінен танытады. Өз кезегінде туризмді дамытуға да тікелей әсерін тигізеді, – деді болашақ академияның құрылысымен танысу барысында облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы.
Шахмат академиясының ашылуы алдағы қазан айына жоспарланып отыр.
Жезқазған қаласы