Ғылым • 09 Тамыз, 2023
Бір қолымен бесікті, бір қолымен ғылымды тербеткен қазақ қыздары туралы үнемі айтылуға, жиі жазылуға тиіс. Өйткені олар отбасына, айналасына қандай мейірімді болса, өз ісіне де дәл сондай адал. Бүгінгі кейіпкеріміз балалық шақта үй жинауға көмектесетін роботтар болса деп армандапты.
Абай • 09 Тамыз, 2023
Ислами ойлау жүйесінің қағидаттық негізі Калам ілімі қалыптасқанға дейін, ол қияметке жетелейтін қиын да күрделі жолдан өтті. Сол қайшылықтарға қатысты Абайдың өлеңдері мен «Қарасөздеріндегі» ұғымдық-терминдік түсініктерді ғана іріктеп алып, оны салыстырмалы түрде ойға азық болатын мәтіндермен жарыстырып, қысқаша тәфсір қайыруға ұмтылып отырмыз. Бұл әдіс-амал бізді жалған пайымдаулардан, яғни жалған ғылыми бопсалардан, орынсыз жайылып кетуден, мәселені түсініксіз түсіндіруден сақтандырады деп сенеміз.
Қоғам • 09 Тамыз, 2023
Өңірде төрт түлік мал азығын әзірлеуге арналған цех ашу жұмыстары мықтап қолға алына бастады. Талас ауданына қарасты Ақкөл ауылындағы «Жан» шаруа қожалығының жетекшісі Жанай Сартаев бүгінде құрамажем өндіру жұмысын жандандырып отыр.
Қоғам • 09 Тамыз, 2023
Шыны керек, қазақтың тамыры ауылға байланған. Мол мұнайы бар Атырау облысында мейір қандыратын мөлдір суы мен тақтайдай тегіс жолы, тіпті қи тасу мен күл шығару тауқыметінен құтқарар көгілдір отыны болмаса да, ауылдан көшпей отырған қандас көп.
Бизнес • 09 Тамыз, 2023
Кәсіпкерлердің көкжиегі кеңиді
Кәсібінен нәсібін тауып жүрген жандар үшін өз ісінің алға басуын қамтамасыз ететін әрбір мүмкіндік маңызды. Егер ішкі нарықты қойып сыртқа шығатындай жағдай қалыптасса, неге қуанбасқа?