Қазақстан • 08 Тамыз, 2017
Келіншектау... cыңсыған тас мүсіндер...
Бөдененің бытпылдық-бытпылдық үні тербеген мына өңір бүгіндікке өзгеше ме деп ем; қойнауда кілкіген мұнарға қараңыз, сосын, анау алыстағы өзеннің арғы жарқабағы қашықтығына қарамай көз алдыңызда тұратынын қайтерсіз; ал оның бәріне, айтасыз-ау, оның бәрі-бәріне таңдай қаға көз алмай қарап, дәл жанындағы арбакеш ақсақалды ұмытып та кетіппіз ғой; әне, ол – арбакеш ақсақал да айналадағы таңғажайып таңғы суретке бір сәтке селт етіп назар салған да жоқ, делбені үш қайтара сілкіген күйі жөткіріп алды да үнсіз шаңдақ жолға тесіле қараған қалпы отыра берді; тек, ұйыған тыныштықты сықыр-сықыр әуенімен бұзған арбаның төрт дөңгелегі екен; жол... жарықтық, жол жиегінде күнбағыс бырттай ашылып жайқала гүлдеп тұр – бастысы кетпеніміздің жүзі таңғы арайдың сәуле шашқан шапағына шағылысып, БІЗ – балалар егістікке асығып келеміз, көңіліміз алабұртып тез-тез жетуді аңсаймыз, ал ырдуан арба асығар ма!
Кино • 08 Тамыз, 2017
Ұлттық фильмнің рөлі нақтыланды
Қазақта «тауына қарай аңы, заманына қарай заңы» деген аталы сөз бар. Сол айтпақшы, өркениет көшінен қалмай болашаққа бет алған мемлекетімізде мәдениет туралы заңның оқтын-оқтын қайта қаралып, толықтырылып, жетілдіріліп отыруы – уақыт талабы.
ЭКСПО-2017 • 08 Тамыз, 2017
Шетелдерден келген қонақтарды жылы қарсы алып, жол сілтеу – еріктілердің басты міндеті.
ЭКСПО-2017 • 08 Тамыз, 2017
Болашағын баламалы қуатпен байланыстырған ел
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығында Боливия Республикасы ұлттық күнін атап өтті. Дәстүрлі шараның шымылдығы екі елдің мемлекеттік туын көтеріп, әнұранын шырқаумен ашылды. Мерейлі мерекенің көрігін ән мен би қыздырды. Боливиялықтар өздерінің ұлттық өнерін паш етті. Ал әртістер қатысқан ұлттық шеру кешті сәтті қорытындылады.
Қазақстан • 08 Тамыз, 2017
Тірлікте ұрыс-керіс, дау-дамай болмай тұрмайды, бірақ орын алған келеңсіздікті одан әрі ушықтырып, сотқа жүгінбей-ақ адамгершілік тұрғысында өзара түсінісу жолымен шешуге де болады. Бүгінде көпшілікке «медиация» атауымен таныс бұл әдістің, іс-әрекеттің арғы тіні қазақтың билер қазылығында, шешендер сөз саптауында жатқан секілді.