Таным • 13 Тамыз, 2024
Ғалам ғажаптары: Табиғи өнер сарайы
Табиғат тылсымы тұңғиық-ау! Айнала-төңірегіміздегі небір ғажайып құбылыс еріксіз назар аудартады. Мәселен, Жаңа Зеландиядағы ежелгі әктас үңгірі ғаламат табиғи құбылысымен ерекшеленеді.
Сұхбат • 13 Тамыз, 2024
Жомарт Сабыржанұлы: Асық ату – ұлттық ойынның қайнары
Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында спортшылар 21 спорт түрінен додаға қосылады. Бұған дейін төрт мәрте ұйымдастырылған этноспорт аламанына қазақтың асық ойыны қосылған жоқ. Биыл тұңғыш рет Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында мергендер асық ату сынынан да додаға түседі. Асық ату федерациясының негізін қалаушы, тұңғыш президенті, бүгінде ұлттық құраманың бас бапкері қызметін атқаратын Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жомарт Сабыржанұлынан айтулы аламанға әзірлік барысын сұрадық.
Қоғам • 13 Тамыз, 2024
«Балқаш Жылу» директорының орынбасары мен бас бухгалтері сотталды
«Балқаш Жылу» ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және кәсіпорынның бас бухгалтері бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олимпиада • 13 Тамыз, 2024
Париж Олимпиадасы: Жетістігіміз – жеті жүлде
Франция астанасы Парижде өткен ХХІІІ жазғы Олимпия ойындары аяқталды. 17 тәулік бойы жер-жаһанды дүбірге бөлеген байрақты бәсекеге 206 мемлекеттен келген 10 714 спортшы қатысты. Тарқатып айтсақ, Африкадан – 51, Еуропадан – 48, Азиядан – 44, Америкадан – 17 және мұхит жағалауынан 17 елдің өкілдері шеберлік байқасты. Бұған қоса бақ сынаушылар қатарында бейтарап спортшылар мен босқындар командасы болды. «Олимпиадалық бітім» деп аталатын көнеден келе жатқан ата дәстүрді бұзғаны үшін Ресей мен Беларусьтің жарысқа қатысуына қатаң шектеу қойылды. Үміткерлер 32 спорт түрі бойынша 329 медаль жиынтығын сарапқа салды. Ал кейінгі үш күнде еліміздің өрендері қалай өнер көрсетті? Бүгінгі мақаламызды осыдан бастасақ.
Абай • 13 Тамыз, 2024
Абай күніне орай онкүндікте Астана қаласында әдеби әрі рухани шаралар әр тұста көрініс бергені белгілі. Абай шығармаларын үлгі етуді мұрат тұтқан аудан әкімдіктері бастап, білім, мәдениет салалары мекемелері ұйымдастырған 70-тен астам іс-шараның ішінде атаулысы «Журналистер» саябағында «Алдымда ақын Абай – Темірқазық» атты әдеби кеш өтті. Онда Абай тағылымы бүгінгі күнмен ұштастырылып, өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.