Туризм • 29 Тамыз, 2024
Кегенді көпшілікке танытатын фотосапар
Кереге таулы Кеген ауданының тау-тасы мен сай-саласы тарихи шежіреге тұнып тұр. Таулы өңірдің табиғатының әдемілігін, сұлулығын сөзбен кестелеп жеткізу әсте мүмкін емес шығар. Тұмса табиғаттың көркемдігін қаз-қалпында түсіріп, танымалдылығын арттыруда осы күнгі кәсіби фотографтардың шеберлігіне шек келтіре алмасымыз анық.
Марапат • 29 Тамыз, 2024
Ирландияның Дублин қаласында өткен IGeO-2024 Халықаралық география олимпиадасында озат оқушыларымыз бір күміс және үш қола медальға қол жеткізіп, жүз пайыз нәтиже көрсетті.
Білім • 29 Тамыз, 2024
Өзекті мәселені бірлесе шешуге шақырды
Түркістан облысының білім саласына қатысты көп сын айтылады және ол негізсіз емес. Тексерулер нәтижесінде облыста 500-ге жуық мұғалімнің жалған дипломмен жұмыс істеп келгені анықталған. Сонымен қатар директор мен қызметкер арасындағы 16 дау Президент Әкімшілігіне дейін жетіп, қаралған. Білім саласын табыс табу көзіне айналдырғандар көп. Ол бойынша қызметкерлердің үстінен бірнеше қылмыстық іс қаралған және бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді.
Сұхбат • 29 Тамыз, 2024
«Есірткі қылмысымен күрес жалғасады»
Заманның зұлмат дертіне қарсы күрестің бір сәтке де толастаған күні жоқ. Десе де, есірткінің құлына айналып, өз өміріне балта шауып жатқандар азаймай тұр. Өкініштісі, есірткіге елтігендердің арасында жастар мен жасөспірімдердің саны артып барады. Ал «қара бизнестің» көрігін қыздырушылар адам тағдырын ойыншыққа айналдырып, бас пайдалары үшін бала еңбегін де пайдалануға үйір. Әлемді алаңдатқан қауіпті дертпен еліміздегі күрестің нәтижесі туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Бақытжан ӘМІРХАНОВ айтып берген еді.
Балалар • 29 Тамыз, 2024
Бала қауіпсіздігі – басты назарда
Еліміздің әр аймағында «Абайлаңыз, балалар!» науқаны жалғасып жатыр. Оқу жылының басталуы қарсаңында дәстүрлі ұйымдастырылатын акция биыл 26 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өткізіледі. Мұндағы мақсат – оқыс оқиғалардың алдын алу, балақайлардың жолдағы қауіпсіздігіне назар салу. Әсіресе көлік жүргізушілерін мектеп маңында сақ болуға шақыру.