Қоғам • 29 Тамыз, 2019
Отбасы құндылығының қайнарын қайдан іздейміз?
Соңғы жылдарда некенің жиі бұзылуы, бала тағдырының тәлкекке айналуы қоғамдағы өзекті мәселенің біріне айналды. Шаңырағы шайқалған орталарда балалар құқығын таптау, отбасы құндылықтарын құрметтемеу сынды кереғар әдеттердің қоғам санасына дендеп бара жатқандығы алаңдатады.
Қоғам • 29 Тамыз, 2019
Ешқандай еңбек сіңірмей тегін дүние иелену адам табиғатына әу бастан дендеп кіретін қасиет болса керек. Тегін дүниеге кенелгісі келетіндерді көп ойланбай, табан астында топтап тастасақ, түрлері көп: әртүрлі лауазым иелерінің алатын парасынан бастап, түрлі мекемедегі ақша жинау, қарапайым жандардың қаржысына қақпан құрудан шаршамайтын әртүрлі алаяқ пирамидалар, соларға сеніп соңғы тиынын санап беретіндер, қоғамдық көліктегі «қояндар», тіпті түнеп шыққан қонақүйінің сабыны мен сүйретпесін кетіп бара жатып сөмкесіне сала кететіндердің ісін не туабітті мінезге, не жүре жабысқан дағдыға жатқыза алмайсың.
Қоғам • 29 Тамыз, 2019
Гендерлік теңдік – тұрақтылыққа тірек
Азаматтық қоғам салтанат құрған АҚШ-та 26 тамызда әйел теңдігі күні аталып өтті. Жыл сайын осы күні әлем елдерін әйел құқықтарын қорғауға шақырған жаппай акциялар ұйымдастырылады. Кейінгі жылдары біздің елде де гендерлік саясатқа баса көңіл бөлініп келеді.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Орталық Азиядағы ең ірі кен орны
Жергілікті жердегі ауқымды жобаны жүзеге асыруға 100 миллиард теңге инвестиция бағытталады. Қалайы жер қойнауында сирек кездесетіндіктен, өте қымбат металл санатына жатады. Лондон қор биржасында оның 1 тоннасы 19-21 мың АҚШ долларына бағаланады. Алдағы уақытта бағасы өсе түсуі ықтимал. Өйткені биыл әлемдік нарықтағы сұраныс 357 мың тоннаны құрап, рекордтық көрсеткішке жеткелі отыр.
Спорт • 29 Тамыз, 2019
Жанель Ғарифуллина: Спорт пен білім бір-біріне кедергі емес
Жанель сияқты жастарды көргенде кәдімгідей қуанып қаламын. Қолы қалт етсе гаджеттерге үңілетін қатарластарына ұқсамайды. Нәп-нәзік қызды таңертең сабағы, түстен кейін жаттығуы күтіп тұрады, ал кешкілік уақытын білімін шыңдап, өзін өзі дамытуға арнайды. Соның арқасында дзюдодан елішілік турнирлерде топ жарып жүр, қазақ күресінен әйелдер құрамасының мүшесі.