Digital • 10 Тамыз, 2024
Америкалық инвестор Роберт Кийосаки «Ақша – биліктің бір түрі, бірақ қаржы сауаты одан да құдіретті күш» дейді. Ақшаны ұқыпты ұстау, жинау – күллі адамзат қалауы шығар. Дегенмен де белгілі бір қиындықтарға жиі тап болып жатамыз. Бұл мәселе Нұрдәулетті де алаңдатқан. Ақыры ойлана келе, ол қаржыны қадағалайтын «Kiris-Shyğys» қосымшасын жасаған.
Қоғам • 10 Тамыз, 2024
Өңірдің өзекті мәселелері қаралды
Астана қаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы консультативтік кездесуі алдында Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан сыртқы істер саласының басшылары қатысты.
Форум • 10 Тамыз, 2024
Олжас Бектенов: Орталық Азия елдері мен Жапония ынтымақтастықты кеңейтетін зор әлеуетке ие
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов «Орталық Азия + Жапония» диалогі бизнес-форумына қатысты. Форум алаңында Орталық Азия аймағы елдері мен Жапония делегацияларының 450-ден астам өкілі жиналды. Жапонияның іскер топтарынан «Toyota Tsusho Corporation», «Mitsubishi Heavy Industries EMEA», «Mitsui & Co., Ltd» ірі компанияларының басшылары мен менеджерлері, сарапшылар қауымдастығынан салалық жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері қатысты.
Абай • 10 Тамыз, 2024
Рухани тамыры терең, мәдени өзегі берік қазақ халқының ақыл-ойын жаңа шыңға көтеріп, өзінен кейінгілерге кемелдіктің жолын көрсеткен ғаламдық алып тұлға – Абай.
Саясат • 10 Тамыз, 2024
Халықаралық саясаттың байыпты кезеңі
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуі халықаралық саясаттың маңызды факторына айналды. Осы арқылы аймақтың алдағы даму бағыты айқындалып, жаһандық сын-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру мүддесі байыпталды. Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуінде де келелі мәселелер талқыланды.