Қазақстан • 04 Тамыз, 2017
Қалбатауда әуенді субұрқақ ашылды
Өткен жылы Өскемен мен Семей қалаларының орталық алаңдарында әуенді, түрлі-түсті субұрқақтар ашылып, шаһар тұрғындарының көз қуанышына айналып еді.
ЭКСПО-2017 • 04 Тамыз, 2017
Венгрияның «Аударыспақ-Хунгари» федерациясының президенті Иштван Бенцзе мырза ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін қолдау мақсатында атқа қонып, әуелгі сапарын Ақтау қаласынан бастап, жолай бірнеше облыстың жерін басып өтіп, екі жарым мың шақырым жол жүріп, алдағы аптада Астанаға ат басын тіремекші. Осы экспедицияның Қазақстандағы сапарын жоспарлауға атсалысқан Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейі табиғат және экологияны ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметкері Бекарыстан Мырзабаевпен хабарласқан едік. Біздің сауалымызға орай ол «Жібек жолы» экспедициясының сапар барысы туралы төмендегідей мәліметтерді айтып берді:
Қазақстан • 04 Тамыз, 2017
«Қазына» баспасы мектеп оқушыларына арналған, «Ана тілім − алтын қазынам» жобасы бойынша көркем безендірілген кітапшалар шығаруды жақсы жолға қойған. Қазірдің өзінде 10 кітапша балалардың қолына тиіп отыр. Ол игілікті істің, яғни, жоба жетекшісі Жақсыбек Күлекеев екенін еске сала кетсек дейміз.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2017
«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы кәсіп ашып, іс бастаймын деген алыстағы ауыл халқына да игілігін көрсетіп келеді. Атырау облысының Исатай ауданында тұратын Зайыпхан Наурызбаева – солардың бірі. Макарон цехын ашқысы келген ол аудандық кәсіпкерлер палатасына барып, мемлекеттен берілетін грантты алуға құжаттар толтырған. Бастамасы сәтті болды. Зайыпхан Наурызбаева аталған бағдарлама аясында 1 млн 700 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алды.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2017
Аймақ басшысы шалғай аймақтарды аралау барысында егіншілік, мал шаруашылығын дамыту, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру жайымен танысып, бірқатар міндеттер жүктеді.