Ата заң • 29 Тамыз, 2024
Тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы
Жаңа мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған Ата заңымыздың қабылданғанына биыл 29 жыл толғалы отыр. Жылдар ағымына сай бағамдайтын болсақ, бұл аса көп мерзім емес. Сәйкесінше, Конституциямыз әлем елдері ішінде ең жас заңдардың санатына жатады. Дегенмен осы уақыт ішінде адам құқықтары мен міндеттерінің өзара үйлесімдікте болуының алғышарттарын қалыптастырушы құнды құжат қоғамдағы өз орнын, өз өміршеңдігі мен мән-маңызын айшықтап үлгерді.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2024
«Самұрық-Қазына» қоры Абай облысына жаңа спорт кешенін тарту етті
Еліміздің ұлттық әл-ауқат қоры өңірлердің спорт инфрақұрылымын дамытып, халықтың бұқаралық спортпен айналысуымен жағдай жасап келеді. Сондай жаңа нысандардың бірі «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыповтың қатысуымен Абай облысы Жаңасемей ауданының Шүлбі кентінде іске қосылды.
Инвестиция • 29 Тамыз, 2024
Инвестиция бөлінісіне жаңаша саясат қажет
2023 жылдың қорытындысы бойынша инвестицияның жалпы көлемі жылдық мәнде 11,2 пайызға артқан. Бірақ ішкі жалпы өнімдегі (ІЖӨ) инвестиция үлесі 15 пайыз ғана болыпты. Бұл Үкімет таргеттеген 21 пайыздық мақсаттан қалыс қалып тұрғанымызды білдіреді. Кейінгі он жылда осы 15 пайыз деңгейінен аса алмай тұрмыз. Мамандардың айтуынша, инвестиция бөлінісінің теңсіздігі осы қиындыққа алып келді. Капиталдың басым бөлігі тау-кен секторына құйылады. Ең аз үлесті өңдеуші өнеркәсіп алады. Жалпы алғанда, инвестиция шикізаттық және сауда-саттық емес салаға бағытталады. Шикізаттық емес өнімдер бүкіл көлемнің (инвестиция) 2 пайызын әрең еншілеп отыр.
Қоғам • 29 Тамыз, 2024
Заманның ағымына қарай интернет платформалар арқылы жұмыс істеп, тәп-тәуір табыс табатын ел азаматтары көбейіп келеді. Бірі осы шаруасын негізгі кіріс көзі ретінде көрсе, екіншісі қосымша табыс көзі ретінде қарайды. Бастысы, интернет платформаларда жұмыс істейтін жұмысшылар еңбегіне қарай табыс тауып, халықтың да көңілінен шығып отыр.
Энергетика • 29 Тамыз, 2024
АЭС: Кәсіби көзқарас пен білікті маманға зәрулік
Қазақ жеріндегі тұңғыш АЭС-ті салуға ынталы әлеуетті компаниялар Астанада өз жобаларын таныстырып жатыр. «KazAtomExpo» көрмесінде айтулы мамандармен тілдесудің орайы келді. Көкейде сауал көп. Бірақ жауап жалғыз – АЭС бізге қажет. Бірақ осы жалқы жауаптың өзі тағы бірнеше сұрақ туындатады. Референдум оң нәтиже бере қалған күнде реакторларды кім салады? Қалай салады? Қай жерге салады? Қауіпсіздігіне кепілдікті кім береді?