Бюджет • 09 Тамыз, 2024
Бюджеттің кіріс бөлігін көбейтудің амалы қайсы?
Биылғы жартыжылдық қорытындысы бойынша кірістің айтарлықтай тапшылығы байқалды. Қаржы министрлігі 2024 жылдың бірінші жартысына арналған есебінде бюджет кірісінің 81 пайызға орындалғаны айтылған. Жоспардағы 6,9 трлн теңгенің орнына 5,6 трлн жиналды. Бұл өткен жылдың осы кезімен салыстырғанда 1 трлн теңгеге аз.
Пікір • 09 Тамыз, 2024
Фумио КИШИДА, Жапония Премьер-министрі: Ынтымақ пен дамуға бастайтын диалог
Аталған диалог 2004 жылы Жапонияның бастамасымен дүниеге келген және биыл оған 20 жыл толып отыр. Жапония билігі хабарлағандай, Кишида мырза диалог аясында орнаған серіктестік пен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдете түсуге ниетті. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Жапония Үкіметінің басшысы Орталық Азия елдері басшыларымен жоғары деңгейде кездесу өткізбекші. Кездесулер барысында халықаралық ауқымдағы екіжақты мәселелер мен ынтымақтастық төңірегіндегі және жекелеген салалардағы кең ауқымды қарым-қатынастарды нығайту көзделіп отыр.
Айбын • 09 Тамыз, 2024
«Көгілдір береттер» дайындығын шыңдады
«Көгілдір береттер» бөлімше құрамында әрекет ету дағдыларын шыңдады. Практикалық сабақтар Алматы, Қонаев және Жетісу гарнизонындағы барлық оқу полигондарында ұйымдастырылды. Үш күн ішінде әскери қызметшілер дала жағдайында машықтанып, бөлімшелердің үйлесімділігін жетілдірді. Атыстар күндізгі және түнгі уақытта жауынгерлік жағдайда жүргізілді.
Қоғам • 09 Тамыз, 2024
Елорда жұртының өзбек өнері мен мәдениетіне қанығып жатқанына бірнеше күн болды. Ұлттық музейдегі сурет көрмесінен басталған мәдени іс-шаралар тізбегі өзбек киносының күндеріне жалғасып, Орталық саябақта өткен Ташкенттің Астана қаласындағы мәдениет күндеріне ұласты. Айта кетейік, аталған іс-шара Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің елімізге мемлекеттік сапарына орайластырылған.
Спорт • 09 Тамыз, 2024
Елдос Сметов әкім мінгізген су жаңа көлігін алғашқы бапкеріне сыйлады
Елдос Сметов аудан әкімі мінгізген су жаңа көлігін алғашқы бапкеріне сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz жергілікті Тараз24 арнасына сілтеме жасап.