Оқиға • 08 Тамыз, 2024
Нағашы көкемнің дарияға төккен ауына сол күні біршама несібе ілігіпті. Жіп ауды абайлай тараштап, түскен балықты мен ашқан қаптың аузына лақтыра берген еді. Сонда есімде. Аудағы ірілі-ұсақты балық атаулының ішінде дәу сазанның ерекше бұлқынғаны. Салмағы 10 килодан әрі бар шығар. Бөлек қапқа салғызды оны. Бесінші сыныпқа өткен маған бұл сазанның салмағы біршама жүк. Тырмыса көтеріп, көкемнің «лөккебайына» мықшыңдай арттым.
Жәдігер • 08 Тамыз, 2024
Абай облысы аумағында мыңжылдықтар тарихын тоғыстырып тұрған тарихи мекендер жетерлік. Осы жерлерден табылған көне жәдігерлер ерекше назар аудартады. Сондай елеулі экспонаттың бірі – Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған бассүйек.
Спорт • 08 Тамыз, 2024
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака биыл күзде өтетін әлем чемпионатына қатысатын ойыншылардың кеңейтілген құрамын жария етті.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2024
Қарағанды облысында қыздарын тұншықтырып өлтірген әйелге сот үкімі шықты
Қарағанды облысында екі кішкентай қызын тұншықтырып өлтірген 20 жастағы келіншек 20 жылға сотталды. Ал тірі қалған бір жасқа толар-толмас нәрестесі Балалар үйіне өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Тамыз, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында бұқаралық спортты дамытудың маңызды екенін баса айтты. Өйткені дені сау ұрпақ өсірудің тиімді жолы – бұқаралық спортты ілгерілету.