Медицина • 27 Тамыз, 2022
Медициналық ұйымдарды сынға алды
Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында аталған ведомствоның басшысы Ажар Ғиният өңірлерге жұмыс сапары және халықпен кездесу, азаматтарды қабылдау және ведомствоға келіп түскен арыз-шағымдарды ескере отырып, медициналық көмек сапасының стандарттарын өрескел бұзатын бірқатар аймақ пен медициналық ұйымның жұмысын қатаң сынға алды.
Қаржы • 27 Тамыз, 2022
«Көгілдір фишка» немесе қаржыны қайда салған тиімді?
Инвестиция – қызығы мен тәуекелі қатар жүретін ерекше әлем. Мұнда кездейсоқ кіріс әркез салтанат құрмайды. Ұзақ уақыт жинақталған білім мен тәжірибе акциялар бағасын тез аңғарып, тап басуда үлкен рөл ойнайды. Әдетте ең құнды акцияларды «көгілдір фишка» деп атайды. Көгілдір фишкалар деген не және ісін жаңадан бастаған инвесторға қаржысын қайда салуға болады деген сауалға азды-кем жауап іздеп көрейік.
Экономика • 27 Тамыз, 2022
Астық тасымалдауға арналған штаб
Биыл 17,7 млн тонна көлемінде астық түсімі жоғары болады деп күтілуде. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да орылған астықты сапалы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін штаб құрылды. Жол бөлімшелерінде жедел астық топтарының тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылды.
Экономика • 27 Тамыз, 2022
Жоғары сапалы вольфрам концентратын алу технологиясы
Вольфрам кенін байытудың жаңа технологиясы Жоғарғы Қайрақты кен орнындағы тау-кен металлургия кешенін пайдаланудың барлық мерзімінде оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Аталған кен орнында өндірудің басталуы Қазақстанды әлемдік вольфрам нарығының негізгі қатысушыларының біріне айналдырады. Вольфрам өзінің айрықша экстремалды қаттылығымен, жоғары тығыздығымен және отқа төзімділігімен әлемдегі ең көп ізделінетін металдардың бірі болып саналады.
Қоғам • 27 Тамыз, 2022
Өткеннен сабақ алмау – енжарлық
Уақыт өткен сайын бала қауіпсіздігі мәселесінің өзектілігі артып барады. Таяуда Абай облысының Үржар ауданында жантүршігерлік жағдай орын алды. Дәлірек айтқанда, 9 жастағы қыз баланы елуді еңсерген азаматтың қорлағаны анықталды.