Тарих • 29 Тамыз, 2024
Семейдегі ядролық әскери полигонның зардабын көпшілік әлі ұмыта қойған жоқ. Ал бүгін – осы полигонның жабылған күні. Қазақ жерін қырық жылдан аса уақыт уға бөктіріп, талайдың ғұмырын қиған, қаншама жанның жүрегіне жазылмас жара салған тажалды еске алу да оңай емес.
Сараптама • 29 Тамыз, 2024
Күз – өзгерістер маусымы. Тамыз біте салысымен экономикамызда да тың бастамалар пайда болады деп үміттенетініміз белгілі. Өйткені шешімін күтіп тұрған түйткілдер баршылық. Соның алғашқысы әрі маңыздысы – мемлекеттік бюджеттің жайы.
Тәрбие • 29 Тамыз, 2024
Ауылда өстік, әке тәрбиесі мен өсиетінен туған жер мен бабалар өнегесін бойымызға сіңірдік. Ауылда үлкеннің орны ерекше еді. Ол – көпті көрген, өмірлік тәжірибесі мол, ойлы, орны ерек кісі. Сөзі мәнді, өмір бұлтарыстарында орынды бағыт беруші, үлкенге де, кішіге де лайықты жол көрсетуші. Әр отбасында болатын қиындықтар ауыл ақсақалының назарынан тыс қалмайтын. Қажет болса, баршаны сол түйткілдің шешімін табуға ұтымды жұмылдырады. Екеуара болып жататын кейбір ренжісулерді де ауыл ағасы дер кезінде шешіп, тыйып, тоқтатып жатады.
Өндіріс • 29 Тамыз, 2024
Ақмола облысының Ақмол ауылында орналасқан «Capital projects ltd» ЖШС жылына 20 мың тонна қуаттылықпен тауық етін өндіріп келе жатыр. Кәсіпорынның «Курочка ряба» брендімен шығаратын өнімдері тұтынушылардың ауқымды сұранысына ие. Мемлекеттік қолдаудың көмегімен жақын арада өндіріс қуатын 30 мың тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.
Қоғам • 29 Тамыз, 2024
Экологиялық мәдениетті қалай дамытамыз?
Қазір қоғамда экологиялық мәдениет мәселесі өткір. Әлемдік антирейтингте еліміз, өкінішке қарай, көшбасшы позицияда. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды экологиялық ревизия жүргізу керек екенін мәлімдегені есімізде. Осы орайда Астанада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы жағдай жасау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.