Әлем • 07 Тамыз, 2019
Жарылыс 20 адамның өмірін жалмап кетті
Мысыр Ішкі істер министрлігі Каир қаласында болған лаңкестік әрекеттер «Мұсылман бауырлар» террористік тобына (Қазақстанда тыйым салынған) қарасты «Хасам» қозғалысының әрекеті деген болжам жасап отыр.
Аймақтар • 07 Тамыз, 2019
Атаулы әлеуметтік көмекті тиімді пайдалануда
«Дүниеге бір перзент келсе, бір қозы артық туады; бір қозы туылса, бір уыс шөп артық шығады» дейді атам қазақ. Яғни әр баланың өз несібесі бар. Бүгінде көп балалы аналар атаулы әлеуметтік көмекті перзенттерінің несібесі деп санайды және әрбір теңгені еселей отырып, отбасы пайдасына жаратқысы келеді. Сөйтіп әлеуметтік көмекті жеке кәсібін ашуға жұмсап жатқандар Түркістан облысында аз емес.
Экономика • 07 Тамыз, 2019
Жанармай экспорты Бұл мәселеде Қазақстан Ресеймен бәсекелесе ала ма?
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, биыл елімізде 89 млн тонна мұнай өндірілмек. Жылдың алғашқы 5 айында өндірілген «қара алтын» көлемі – 36,5 млн тонна. Қазір мұнайшылар тәулігіне 400 мың баррель мұнай өндіруде. Өндіріс пен өңдеу көлеміне орай биыл елімізде АИ-92, АИ-95 маркалы бензиндердің профициті байқалыпты. Сарапшылар қазір «бензин өндірісі ішкі сұраныстан 20-30 %-ға артық» деген жағымды болжамдарды алға тарта бастады. Бұл орайда Қазақстанға мұнай өнімдерінің экспортын ұлғайтуға мүмкіндік туып отыр.
Президент • 06 Тамыз, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2019
Арыстан Арқаға 200 бала демалуға келді
Қарағанды облысы алапат апаттан зардап шеккен Арыс қаласы тұрғындарының алдында қолдан келген көмектен аянып жатқан жоқ. Жарылыстан жапа шеккен ағайынға алғашқылардың бірі болып гуманитарлық көмек жөнелткен де қарағандылықтар болатын. Қазіргі таңда облыстан аттанған құрылысшылар бригадалары Арыс қаласында үй салып, шамалы зақым келген баспаналарға күрделі жөндеу жүргізіп жатыр. Қарағандылық құрылысшылардың бұл жұмыстарды сапалы орындап жатқанын жергілікті жұрттың БАҚ арқылы, әлеуметтік желілер бойынша айтқанынан бүкіл ел естіп-біліп отыр.