Таным • 08 Тамыз, 2024
Ғалам ғажаптары: Мейірімді чемпион
Жеңіс жолында спортшылар бәрін ұмытады. Барын салады. Тек Бобби Пирс ондай болған жоқ...
Оқиға • 08 Тамыз, 2024
Атыраудың көшелерін артқы әйнегіне Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің портреті салынған жеңіл көлік кезіп жүр. Чемпионның бейнесін көлік иесі сіріңкеден құраған.
Қоғам • 08 Тамыз, 2024
Сәрсенбай ақсақал тағы да сапар шекті
Ұлытаулық Сәрсенбай Қотырашовтың есімі кейінгі екі-үш жылда халыққа кеңінен танымал бола бастады. Ол 2022 жылы еліміздің барлық облысын жаяу аралап шықты. Сол жылы 72 жастағы қария 8 мың шақырымды еңсеріп, Қазақстан рекордтар кітабына енгізіліп, арнайы сертификатқа ие болды. Ақсақалдың сол сапардан кейінгі «ендігі арманым – әлемді жаяу аралау» деген сөзіне күлгендер көбірек болған.
Спорт • 08 Тамыз, 2024
Швецияның атақты жеңіл атлеті Арман Дюплантис Париж Олимпиадасында теңдессіз өнерімен тағы да төрткүл дүниені тамсандырды. Сырықпен секірушілер сайысында ол 6 метрлік межені бағындырғанда-ақ, енді оған ешкімнің жете алмайтыны белгілі болды. Бірақ 24 жастағы саңлақ бұл белесті қанағат тұтпады. Алдымен Арман олимпиадалық (6,10 см), іле-шала әлемдік рекорд (6,25 см) орнатты. Алғашқы рекорд бразилиялық Тиаго Брасқа (6,03 см, 2016 жылы Рио-де-Жанейро) тиесілі еді. Екіншісінде өзінің көрсеткішін (6,24 см, 2024 жылы Сямын) жаңартты. Сөйтіп, бүгінгі таңдағы екі бірдей ғаламат көрсеткіш дәп осы Скандинавия түбегінің саңлағына тиесілі.
Спорт • 08 Тамыз, 2024
«Жанкүйер мақтанатындай жекпе-жек көрсетті»: Головкин Нұрбек Оралбайды жүлдесімен құттықтады
Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин боксшы Нұрбек Оралбайды Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.