Таным • 08 Тамыз, 2024

Ғалам ғажаптары: Мейірімді чемпион

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіс жолында спортшылар бәрін ұмытады. Барын салады. Тек Бобби Пирс ондай болған жоқ...

Ғалам ғажаптары: Мейірімді чемпион

1928 жылы Олимпия ойындары Амстердамда өтті. Ескек есу жарысы кезінде аустралиялық спортшы Бобби Пирстің алдынан үйректер шығып қалады. Ары қарай өтіп кетудің орнына мейірімді спортшы үйректерге жол береді. Ол құстарды бақылап отырғанда, қарсыласы оны басып озады. Бірақ үйректер аман-есен өз жолымен жүзіп бара жатқанда, спортшы бар күшін салып, жеңіске жетті. Солай «Мейірімді чемпион» деген аты тарихта
қалды.

 

Жалаңаяқ желаяқ

пр

1960 жылғы Рим Олимпиадасы кезінде бір қызық жағдай болған. 

Эфиопиялық марафоншы Абебе Бикила жарыс алаңында тұр. Бірер минуттан кейін жүгіруі керек. Бірақ спортшыларға аяқкиім береміз деген демеушілер оның өлшеміндегі кроссовка таппай, шарасыз күйге түскен. Жеңіске ерекше құштар Абебеге бұл да кедергі болған жоқ. Ол жалаң аяқ жүгірді. Аяқ­киімнің жоқтығына қарамастан, мәреге бірінші болып келіп, алтын медаль алды. Олимпиада тарихында мұндай жағдай әлі тіркелмеген.

 

Сынық аяқ гимнаст

па

Спорт жанкештілікті талап етеді. Жапондық Сун Фуджимото да дәл солай ойлайды.

1976 жылы Монреальда өткен Олим­пиадада гимнастикадан коман­далық жарыс кезінде жапондық Сун Фуджимото тізесін сындырып алады. Сонда да берілмейді. Бірде-бір сөз айтпастан, жарысты әрі қарай жалғастырады. Финал­ға өтіп, тамаша өнер көрсетеді. Сарапшылардың бағалауы бойынша, сол жарыста Жапония кеңестік гимнастарды жеңіп, бірінші орын иеленген еді.