Қоғам • 06 Тамыз, 2019
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы 1-30 тамыз аралығында тұрғындарды қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету мақсатында денсаулық айлығын бастап кетті. Қазіргі кезде қаланың барлық аудандарында сапалы медицинаға қол жетпейтін аумақтарда мобильді дәрігерлер кеңесі жұмыс істеуде. Қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген жылжымалы кешендерде терапевт, балалар дәрігері, кардиологтар мен өзге де салалық дәрігерлер қызмет көрсетуде.
Қоғам • 06 Тамыз, 2019
Оқушы денсаулығы ойландыруы керек
Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин оқушыларды жаңа оқу жылына дайындаудың кейбір мәселелеріне тоқталды. Ол бірінші кезекте мектеп формасы баланың денсаулығын сақтауы және қозғалыс белсенділігін қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.
Қоғам • 06 Тамыз, 2019
Ғылымды дамыту – еліміздегі басым бағыттардың бірі. Ең бастысы, ғылыми жаңалықтар өндірістің өркендеуіне пайдасын тигізуі тиіс. Алматы мен Нұр-Сұлтан секілді еліміздің ірі ғылыми орталықтарында ғана емес, сонымен бірге ел өңірлерінде де ғылымды нақты өмірлік қажеттіліктермен байланыстыра дамытудың орны айрықша. Осы орайда бұл іс Ақтөбе аймағында оң шешімін тауып келеді.
Қоғам • 06 Тамыз, 2019
Диабеталды дерті – қант диабетінің алдын алатын дабыл
Біз бұған дейін де сусамырдың алғашқы белгілерімен күресу әлемдік сипатқа ие болып отырғанын баяндағанбыз. Өйткені қант диабеті кішкентай балаларда да кездеседі. Бұл жұқпалы кесел емес, бірақ тұқым қуалайды. Асқындырып алған жағдайда арты жақсылыққа апармайтын аталған аурудың алғашқы белгілерімен күресу – өмірлік ем-домға тәуелділіктен, мүгедектіктен құтқарады. Сондықтан да мамандар халық «сусамыр» деген дертті әлмисақтан білсе де, дәрігерлердің өзі диабеталды ауруынан құлағдар болмай келгенін алға тартып отыр. Ал бұл 2-типтегі қант диабетінің алдын алудағы аса маңызды қадам.
Аймақтар • 06 Тамыз, 2019
Шоқанның белгісі мен Хан ауылының құдығы
Қазір Құсмұрын төңірегіне келген кісі «Шоқанның белгісін» көруге ынтызарлық танытатын болыпты. Құсмұрын көлінің жағасында тұрғындар Көктау атап кеткен шоқы бар. Шоқының үстіне шықсаң айнала алақандағыдай көрініп, Құсмұрын көлі айнадай жарқырап жатады.