Ғылымды дамыту – еліміздегі басым бағыттардың бірі. Ең бастысы, ғылыми жаңалықтар өндірістің өркендеуіне пайдасын тигізуі тиіс. Алматы мен Нұр-Сұлтан секілді еліміздің ірі ғылыми орталықтарында ғана емес, сонымен бірге ел өңірлерінде де ғылымды нақты өмірлік қажеттіліктермен байланыстыра дамытудың орны айрықша. Осы орайда бұл іс Ақтөбе аймағында оң шешімін тауып келеді.

Республикамыздың әр аймағында ғылымды дамытуға ыңғайлы, әрі іргелі ізденістерді жүргізуге қолайлы орталықтар да жоқ емес. Ақтөбе облысында осындай ошақтардың бірі – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті. Жоғары білім беру ордасының материалдық-техникалық базасы мен ғылымды дамыту ісіне университет басшылары тарапынан жасалған қолдау істің алға жылжуына септігін тигізіп келеді. Өңір ғалымдарының басым бөлігі аталған білім шаңырағына шоғырланған. Соның ішінде мұнда ғылымның нақтылықты талап етілетін салалары – іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге басымдық берілген. Нәтижесінде өңірлік жоғары оқу орнында математика, физика және химия ғылымдары саласында белгілі бір ғылыми бағыттар мен мектептер қалыптасты деуге толық негіз бар.
Айталық, университет профессоры Қуанышбек Шүңкеевтің радиациялық физика мектебі елімізге ғана емес, таяу және алыс шетелдерге де танымал. Әсіресе Польша, Эстония мен Белоруссияда қазақстандық физика мектебінің тағылымын үйренуге аталған елдердің білім және ғылым министрліктері тарапынан көңіл бөлінуі мақтан тұтуға тұрарлық. Қ.Шүңкеев жетекшілік ететін зертхана әлемдік талапқа сай жабдықталған. Мұнда Назарбаев Университет пен Тарту мемлекеттік университетінің жас ғалымдары жүйелі зерттеулер жүргізуде.
Сондай-ақ аталған жоғары оқу орнының профессоры Жайшылық Сартабановтың дифференциалды теңдеулерді шешудегі математиктер мектебі де республикадағы барша математиктер қауымының назарын аударды. Дифференциалды теңдеулер теориясының негізі неде? Аталған мектеп тәлімгерінің айтуынша, бұл – математиканың түбірі, іргетасы. Математика ғылымының басты саласының бірі. Аталған ғылым саласында белгілі бір жетістіктер мен өзгерістерге немесе ғылыми жаңалықтарға қол жеткізу үшін ең алдымен математикалық модель жасалады. Ал оны дифференциалды теңдеулерсіз құру мен шешу мүмкін емес. Оның математика ғылымында алатын орны ерекше екенін осыдан-ақ біле беріңіз, – дейді Ж.Сартабанов.
Университет базасындағы іргелі ғылыми зерттеулер аймақтағы қолданбалы міндеттерді шешумен байланыстырыла жүргізіледі. Бүгінгі күн биігінен қарағанда мәселеге осы тұрғыдан келудің тиімді тұстары мол екені айқын көрінуде. Аталған оқу орнында инновациялық технологиялар паркі құрылған. Қазір осы парктің зертханасын толықтай жабдықтау жұмыстары қолға алынды.
Тағы бір айта кетерлік жайт, техникалық факультеттегі металлургия кафедрасының ғалымдары тұтастай ел өндірісінде ерекше орны бар «Қазхром» трансұлттық компаниясымен тығыз қарым-қатынас орнатты. Ортақ істің бүгінгі жай-күйіне келсек, университет еншісіндегі тікелей тоқты доғалы пеш – өзгеше әрі өте қажетті өңірлік жобаны жүзеге асыруға негіз қалайды. Яғни, осы қондырғы арқылы хром кенішінің шаңын кәдеге жарату жобасы ойластырылған. Кенді балқытудың сынақтан өткізілген тұңғыш тәжірибесі бұл істің тиімділігі мен қажеттілігін көрсетті. Осылайша университеттегі металлургия кафедрасы мен зауыт жаңашылдары аталған әмбебап жабдықты одан әрі жетілдіріп, облыс аумағында дүркін-дүркін пайда болып жүрген ферропласт қалдығы шаңын кешенді түрде тазарту жобасын қолға алмақ.
Қазіргі кезде аймақта бірқатар экологиялық проблемалар қордаланып қалған. Оны азайтуға университет ғалымдарының қосар үлестері аз емес. Өңірдің экологиялық мәселелерін шешу ісіндегі университет ғалымдарының тағы бір ғылыми жаңалығы диатомит материалдарының көмегіне арқа сүйеу болып отыр. Бүгінде бұл іспен университет физиктері мен химиктерінен құрылған үлкен топ айналысуда. Олардың айтуынша, аталған материал белгілі бір жағдайларда тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы саласының кәріздік қалдықтарын кәдеге жаратуға көмектесе алады.
Соңғы уақытта Ақтөбеде жаз айларында қолқаны қабатын жағымсыз иіс жайлап алатыны айтылып та, жазылып та жүр. Қолға алынған жобаның тағы бір ерекшелігі, осы жағымсыз иісті жоюға әсерін тигізе алатынында. Қазір аталған жобаға қатысты зертханалық сынақтар аяқталып, оның нәтижесі оң нәтижелер берген екен. Ендігі істің ауқымы далалық зерттеулер мен коммерцияландыру деңгейіне көшу қажеттігіне қарай ойысуда.
Бір сөзбен айтқанда, өңірлік университетте жоғарыда аталған деректерге сай өңірлік және республикалық деңгейде қаржыландыруға тұрарлықтай ғылыми жобалар мен ізденістер аз емес. Дегенмен, аймақ ғылымының дамуында олқылықтар жоқ дей алмаймыз. Мұнда ең алдымен ғылымды қаржыландырудың көңілден шықпай тұрғаны алаңдатады. Әрі өңірдегі ғалымдардың дені зейнет жасында екені де ойландырмай қоймайды. Алдағы уақытта олардан мол қайтарым күтудің өзі де ағаттық секілді.
Әрине, мұндай жағдайда тек бір ғана жол бар. Әрі мұның өзі тиімді де оңтайлы бағдар болмақ. Бұл – ғалымдар қатарын жастар есебінен толықтыру. Рас, қоғамдық өмірде белгілі бір жағдайларда білікті мамандар мен ғалымдарды өзге өңірден шақыру үрдісі қолданылып жүр. Әйтсе де жоғары оқу орнының жетекшілері бұл тәжірибені басты орынға қоюға мүдделі емес екеніне де осы материалды газет өндірісіне әзірлеу барысында айқын көз жеткізгендей болдық. Өйткені оның әр түрлі объективті және субъективті себептері бар. Соның бірі – арнайы шақырылған мамандардың, докторанттар мен магистрлердің тұрақсыздығы, отбасылық жағдайы.
Бұл мәселе жөнінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков: «Аталған мәселелерді жолға қою үшін оқу орны жанынан бес мамандық бойынша магистратура және тағы да бес мамандық бойынша докторантура құрылды. Бұған қоса университеттегі ғылыми қоғамдастықтың әлеуеті мен мүмкіндіктерін одан әрі тереңдету үшін математика және физика мамандықтары бойынша екі диссертациялық кеңес ашылды. Оның құрамында университеттің он ғалымы бар. Бұл өзгерістер жас ғалымдар легінің өсе түсуіне өз ықпалын тигізеді деген ойдамыз», деді.
Міне, Ақтөбе аймағында іргелі ғылыми ізденістерге құлаш ұрып отырған білім ошағының жетістіктері осындай.
АҚТӨБЕ
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • Бүгін, 17:00
Футзалдан «Евро-2022» додасының іріктеу ойындары өтті
Спорт • Бүгін, 16:56
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:52
Елордада ағаштар мен бұталарды қояндардан қорғау жұмысы жүріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:49
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • Бүгін, 16:46
Елімізідің көлік сақшылары полицей әйелдерді төл мерекеcімен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 16:46
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 16:34
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • Бүгін, 16:22
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • Бүгін, 16:20
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • Бүгін, 16:15
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
Алматыда өзін Антикор қызметкері ретінде таныстырған алаяқ сотталды
Аймақтар • Бүгін, 16:07
ForteBank пен Қазпошта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Экономика • Бүгін, 16:05
Елордадағы Алматы ауданының тұрғын алаптары үшін мобильді пошта жұмыс істейді
Қоғам • Бүгін, 16:03
Мұрат Әйтенов ерекше бала тәрбиелеп отырған ана мен ардагерлерді құттықтады
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Спорт • Бүгін, 15:59
Қорғаныс министрі аяулы аруларды 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 15:57
Үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 15:56
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
Елорда • Бүгін, 15:00
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріледі
Аймақтар • Бүгін, 14:40
Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Роман Скляр мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сату туралы айтты
Үкімет • Бүгін, 14:11
Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма
Аймақтар • Бүгін, 13:51
Экономика • Бүгін, 13:31
Ілияс музейі отыз жетінші көктемін қарсы алды
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Атырауда демеушілер 700 отбасы азық-түлікпен қамтиды
Аймақтар • Бүгін, 12:55
Ауылдарда тұрғын үй салына бастайды
Қазақстан • Бүгін, 12:51
Металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
Экономика • Бүгін, 12:47
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:40
Елорданың бизнес өкілдері «Ashyq» қосымшасының артықшылықтарын атап өтті
Елорда • Бүгін, 12:36
Шетелден ПТР анықтамасыз келетіндер көбейді
Қазақстан • Бүгін, 12:30
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • Бүгін, 12:27
Павлодарда үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 12:25
«Барыс Арена»: Енді хоккейді жанкүйерлері залдан тамашалайды
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Қай қан тобындағы адамдар коронавирус жұқтыруға бейім?
Әлем • Бүгін, 11:52
Аймақтар • Бүгін, 11:38
Бақытжан Сағынтаев Алматының сел жүруі мүмкін қауіпті аймақтарын аралады
Қоғам • Бүгін, 11:38
Елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 11:34
Emirates жолаушыларына қосымша орын сатып алуға рұқсат етілді
Әлем • Бүгін, 11:33
Қазақстан сәуір айында мұнай өндірісін арттырады
Экономика • Бүгін, 11:30
Баскетболдан Қазақстан ерлер командасы әлемдік рейтингте жоғарылады
Спорт • Бүгін, 11:28
Қоғамдық тамақтану орындарының жұмысы қашан қалыпқа түседі?
Қоғам • Бүгін, 11:25
Мигранттар үшін ең тартымды ел қайсы?
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Туберкулездің таралуы төмендеген
Аймақтар • Бүгін, 11:18
Әлем • Бүгін, 11:17
Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар автожолдар жабылды
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды
Аймақтар • Бүгін, 11:16
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамытатын 17 орталық ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:11
Қазақстан интернеті ең арзан елдердің ондығында тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:54
Президент: Әлихан бастаған қазақ зиялылары мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті
Президент • Бүгін, 10:51
Тірі туысын «жерлемекші» болған алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Нұрлан Ноғаев ОПЕК+ келісімі аясындағы қадамдар туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 10:46
Шығысқазақстандықтарға жаңа Экологиялық кодекстің негізгі ережелері түсіндірілді
Аймақтар • Бүгін, 10:39
Қазақстан елшісі Аустрияның Федералдық Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 10:29
Нұр-Сұлтанда 2021 жылы тақырыптық саябақтар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 10:26
Василий Левит Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты
Спорт • Бүгін, 10:23
2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылды
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Түркістаннан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билет сатыла бастады
Аймақтар • Бүгін, 10:06
Мемлекеттік комиссия кәсіпкерлерді қолдау бойынша шұғыл шаралар топтамасын мақұлдады
Үкімет • Бүгін, 10:04
Экономика • Бүгін, 10:01
Ақпан айында ЭЕБ-дағы бос орындар саны 5,3 мыңға өсті
Қоғам • Бүгін, 09:56
Жаяуларды сыйламайтындар енді оңай жазаланады
Аймақтар • Бүгін, 09:52
Римдегі жарыстың алғашқы күні жеті жүлде алдық
Спорт • Бүгін, 09:50
Еліміздің 7 өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Түркияда тікұшақ апатынан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 09:40
Елордада оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:25
Аймақтар • Бүгін, 09:23
Қазақстанда тағы 840 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:20
Бір тәулікте пневмонияның 44 жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:15
Ұқсас жаңалықтар