Аймақтар • 29 Тамыз, 2024
Ел игілігіне елу пәтер берілді
Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде әлеуметтік осал топтағы отбасыларға бюджет есебінен сатып алынған 50 пәтердің кілті табысталды. Қармақшылықтар қуанышына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенатының депутаттары Руслан Рүстемов, Наурызбай Байқадамов, Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев қатысты.
«Таза Қазақстан» • 29 Тамыз, 2024
Таза Қазақстан сенен басталады
Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери «Кішкентай ханзада» шығармасында «Бұлжытпай орындау керек бір ереже бар – таңертең ұйқыдан тұрып, жуынып, өзіңді ретке келтірген соң, дереу өз планетаңды да ретке келтіруге кіріс!» деп жазады. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының жастар кеңестері бұл ережені берік ұстанады. Олар Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» республикалық акциясын өткізу жөніндегі идеясын бірауыздан қолдап, өздерінің бірегей жобасы «Таза Қазақстан сенен басталады» эко-плоггингті жүзеге асырды.
Қоғам • 29 Тамыз, 2024
Сынақтан зардап шеккендерді қолдау маңызды
1992 жылы 18 желтоқсанда «Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заң қабылданды. Кейін бірнеше бапқа өзгертулер енгізілген. Алайда ядролық сынақтардың зардабын тартып отырған жұрт мемлекеттен алуға тиіс әлеуметтік көмекке әлі де толық көлемде қол жеткізген жоқ.
Құқық • 29 Тамыз, 2024
Адам құқын қорғау – негізгі құндылық
Еліміздің ең басты құжатында баяндалғандай, адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – мемлекеттің ең құнды қазынасы. Түп негізін Конституциядан алатын заңдардың барлығы халықтың өмір сүру сапасын арттырып, құқығы мен бостандығын сақтап, қалыпты жағдайда өмір сүруіне алғышарт болуға тиіс. Екі жыл бұрын 5 маусымда өткен республикалық референдум да адам құқының әділ қорғалуына жол ашқан маңызды шешім болды. Конституциядағы соңғы өзгерістер елді демократияландырып, азаматтардың саяси және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жол ашты.
Ата заң • 29 Тамыз, 2024
Тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы
Жаңа мемлекетіміздің құқықтық негізін айқындаған Ата заңымыздың қабылданғанына биыл 29 жыл толғалы отыр. Жылдар ағымына сай бағамдайтын болсақ, бұл аса көп мерзім емес. Сәйкесінше, Конституциямыз әлем елдері ішінде ең жас заңдардың санатына жатады. Дегенмен осы уақыт ішінде адам құқықтары мен міндеттерінің өзара үйлесімдікте болуының алғышарттарын қалыптастырушы құнды құжат қоғамдағы өз орнын, өз өміршеңдігі мен мән-маңызын айшықтап үлгерді.