Аймақтар • 05 Тамыз, 2019
Қасқасудың қадірі: Шетел компаниялары қызығып отырған жоба қашан жүзеге асады?
Шіліңгір шілдеде салқын самалы мен саф ауасы таптырмас ем, ғажайып табиғаты тамаша демалыс сыйлайтын Қасқасуға қарай асығатындар көп. Қасқасу шатқалы өз ауылындай жақсы таныс тау етегіндегі елді мекен тұрғындарының айтуынша, қадірін біліп, қажетті жағдай жасалса, жаздыгүні ғана емес, жыл бойы жұрт үзілмейтін демалыс аймағына айналдыруға болады. Ауыл демекші, тұрғындар бүгінде осы бір жобаға жұмсалған қыруар қаржы босқа ысырап болмай, пайдаға жарағанын көргісі де келеді. Иә, Түркістан өңірінде туризмді дамытуға септігі тиетіні үнемі айтылып келе жатқанымен, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және кешеннің инженерлік инфрақұрылымын салуға бюджеттен жарты миллиардтан астам теңге бөлінгенімен, құрылысы тоқтап тұрған бұл жоба жөнінде соңғы кездері жиі айтыла бастады.
Қоғам • 05 Тамыз, 2019
Ежелгі сырласын елеңдей күтеді
Ардагер Хамит Ембергенов – Қызылорда қаласының байырғы тұрғыны. Ұзақ жыл Сырдария аудандық партия комитетінде үгіт және насихат бөлімін басқарды. Зейнетке шыққан соң Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер жайында бес томдық «Боздақтар» кітабын жинастырып, баспадан шығарды.
Әдебиет • 05 Тамыз, 2019
Аймақтар • 05 Тамыз, 2019
Жамбылда ұтымды экспедиция ұйымдастырды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымының ерекше маңыздылығын атап өтті. «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі — неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол — ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі» — деді Елбасы.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2019
Қиырдағы қазақ баласы атажұрттан рух алады
Жақында Ресей Федерациясының Самара облысында тұратын бір топ қазақ баласы Орал қаласындағы «Дарын» қосымша білім орталығында он күн демалып кетті. Қаракөздер аз уақыт ішінде көп дос тауып, талай қызыққа кенелгенін айтады.