Үкімет • 26 Тамыз, 2022
Жаңа облыстардан Сенат депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланды
Медицина • 26 Тамыз, 2022
Ядролық медицина: Өмірді ұзартуда пайдасы көп
Былтыр Семейде Ядролық медицина және онкология орталығы ашылды. Бұл отандық денсаулық сақтау саласындағы елеулі оқиғалардың бірі болды. Оның артықшылығы – орталықтағы жоғары технологиялық жабдықтардың көмегімен мамандар түрлі ауыр дертті ерте анықтап, сапалы ем көрсетуге мүмкіндік алып отыр.
Экономика • 26 Тамыз, 2022
Отын тапшылығы – дилерлердің қитұрқы әрекеті
Дизель отынын шектеулі көлемде және талонмен сату үрдісі Ертіс-Баян өңіріндегі жанар-жағармай стансаларының басым бөлігінде сақталып отыр. Тамыз айының басында Павлодар мұнай-химия зауытынан өңірдегі мұнай өнімдерін жеткізушілерге 24 мың тонна трактор отыны беріліпті. Ал облыстың айлық қажеттілігі 9 мың тоннадан аспайды. Жергілікті шенеуніктер қалған көлемнің қай жерде сақталып тұрғандығы немесе өзге өңірлерге сатылып кеткені жайлы ақпаратқа иелік ете алмаймыз дейді. Салдарынан шағын жанармай стансаларында іркілістер туындап, кейбір шалғай аудандарда көлік отынының аталған түрі қат болып тұр.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2022
Өңді өңіріне хас шебер әдейілеп әшекей таққандай тамылжыған табиғаттың тылсым кейпіне еніп, қысы-жазы жайнап тұратын Зерендінің әлденеше ауылының маңын кейінгі жылдары күрт көбейіп кеткен қабан жайлап, егінін басып, жайылымын жайпап, бұлағын бітеп, көлін қорыс етуде.
Қоғам • 26 Тамыз, 2022
«Egemen Qazaqstan» газетінің осы жылғы 23 тамыз күнгі санында «Қаптаған кеніштерден қайырым бар ма?» атты мақала жарық көрген еді. Онда Баянауылдағы халықтың көмір қымбатшылығына алаңдап отырғаны, мемлекеттік мекемелердің жергілікті кеніштерге қатысты әрекетсіздік танытқаны жайлы мәселе көтерілді. Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан толғандырған тақырыпқа орай жауап хат келді.