Жасанды билет тапшылығымен күрес қарқын ала бастады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан жолаушылар пойыздары билеттерінің жасанды тапшылығын жою туралы тапсырма алған. Бұл жөнінде кеше министрлікте өткен жолаушыларды тасымалдау, автомобиль жолдары және көліктік бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер кеңесте айтылды.
Төрт ірі қылмыстық топтың мүшелері ұсталды
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында құқық қорғау органдары қылмыс деңгейін төмендету және елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдауда. Маңғыстау облысында еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі бірлесе ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің заңға қарсы әрекеттерінің жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция өткізді.
Әдетте, жер немесе көлік салығы дер кезінде төленбейді. Күнделікті күйбең тірлікте оған көңіл бөлуге де мұрсат бола бермейді. Сол селқостықтың салдарынан өсімпұлды өтеп, опық жейтінімізді көбіміз аңдамай қаламыз. Ресми статистика биыл елдегі борышкерлердің саны 1,4 млн адамға жеткенін және салық берешегінің сомасы 20,9 млрд теңгені құрағанын көрсетті. Мұндағы негізгі борыш - 14, 3 млрд теңге, ал есептелген өсімпұл 6,6 млрд теңге.
Қазақстан • 01 Тамыз, 2019
Ақжайық, арнаң қашан толар екен?
Еуропада Еділ мен Дунайдан кейінгі ең ірі үшінші өзен Жайықтың жағдайы мүшкіл. Мұны осы өзенді жағалай отырған Ресей тарапы да, Қазақстан мамандары да мойындап отыр.