Бизнес • 02 Тамыз, 2024
Су кәсібінің мәртебесі жоғарылады
Жақында Премьер-министр Олжас Бектенов Тараз қаласында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетін құру туралы қаулыға қол қойды. Естеріңізде болса биылғы сәуір айында Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын қалпына келтіруге тапсырма берген еді. Оқу орны жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы арқылы құрылды.
Айбын • 02 Тамыз, 2024
Ұлттық ұланның астаналық жедел бригадасының әскери қызметшілері Петропавл қаласында өткен қоян-қолтық ұрыс жарысынан олжалы оралды. Белгілі спортшы Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған турнирге алғаш рет әйел әскери қызметшілер де қатысты.
Айбын • 02 Тамыз, 2024
Ақтауда «Бірлестік – 2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының қорытынды жиыны өтті. Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Серік Борамбаевтың төрағалығымен ұйымдастырылған отырыста жауынгерлік дайындық нәтижелері талданды.
Спорт • 02 Тамыз, 2024
Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының басталуына да санаулы күн қалды. Этноспорт Олимпиадасы саналатын дүбірлі доданы тамашалауға ықыласты туристердің де қатары артатыны сөзсіз. 2014 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан аламанның даңқын алты құрлыққа жеткізуге құмбыл жандар да жетерлік. Солардың бірі – 74 жастағы зейнеткер марафоншы Сәрсенбай Қотырашев.
Айбын • 02 Тамыз, 2024
Раджан Батырханов күллі қазақ үшін киелі өр Алтай өлкесіндегі табиғаты таңдай қақтыратын, таза ауасы тынысыңды ашатын шағын ғана Катонқарағай аулында өмір есігін ашты. Бала күнінен шекарашы офицер болуға бекінді. Бұл оның үлкен арманы еді.