Өнер • 26 Тамыз, 2022
Ұлттың нағыз қазақы қалыбын танытып, бүтін болмыс-бітімін бедерлеп бейнелейтін қазақ кинематографында сірә «Қыз Жібектен» асқан фильм жоқ шығар. Ондағы әсем де бай тіл, көркем де келісті костюмдер, тұла бойыңды әлемтапырық күйге бөлейтін музыка, кілті сәтті табылған кесек кейіпкерлер – мұның барлығы түсірілім айналасына топтасқан таланттардың жемісті жұмысының жеңісі, ұлттық өнердің теңдессіз олжасы екені даусыз.
Спорт • 26 Тамыз, 2022
Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza Fighting Championship 42 турнирі өтті. Аталған жарыстың басты бәсекесінде қазақстандық Әліби Ыдырыс өз атағын сақтап қалу үшін бразилиялық Флавио Сантоспен сайысқа түсті.
Спорт • 26 Тамыз, 2022
Шаршы тақтадағы тартыс: Атырауда халықаралық шахмат фестивалі жыл сайын өтеді
Атырауда алғаш рет халықаралық шахмат фестивалі өтті. Сегіз күнге созылған шаршы тақтадағы тартысты сайысқа Қазақстан, АҚШ, Нидерланд, Литва, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Ресей сияқты әлемнің 9 елінен 300-ге жуық ойыншы қатысты. Фестивальдің жалпы жүлде қоры 13 257 500 теңгені құрады.
Өнер • 26 Тамыз, 2022
Халықаралық байқауда бақ сынайды
Алдағы 5-11 қыркүйек аралығында Astana Opera халықаралық опера академиясының тыңдаушылары Дінмұхамед Көшкінбаев пен Гүлдана Алдадосова Венгрияда өтетін Ева Мартонның V халықаралық вокалистер байқауына қатысады. Олар әлемнің 29 елінен келген 70-ке жуық жас опера орындаушыларымен бірге сынға түседі.
Қоғам • 26 Тамыз, 2022
Ұлытаудан Ақтауға жаяу бет алған Жаңаарқа ауданының тумасы, 72 жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов осы дүйсенбіде Жымпитыға тоқтады. Саяхатшы Сырым ауданының аумағына кірді дегенді ести салып, біз де жүздесуге асықтық.