Аймақтар • 28 Тамыз, 2023
Отырарда «Ұлы Жібек жолы бойындағы тоқыма және зергерлік өнер» атты халықаралық қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті. Мәдениет және спорт министрлігі мен «Халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы» қорының қолдауымен, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеде Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзербайжан мемлекеттері мен еліміздің барлық өңірінен келген 50-ден астам тоқыма және зергерлік өнердің хас шеберінің қолөнер бұйымдары қойылды.
Хоккей • 28 Тамыз, 2023
Елорданың «Барыс» хоккей клубы Ресейдің Омбы қаласында ұйымдастырылған «Блинов кубогінде» жеңіске жетті.
Теннис • 28 Тамыз, 2023
Теннистен еліміздің ерлер арасындағы екінші, әлемнің 128-ракеткасы Тимофей Скатов өз карьерасында алғаш рет «Үлкен дулыға» санатындағы АҚШ ашық біріншілігінің негізгі кезеңіне жолдама алды.
Қоғам • 27 Тамыз, 2023
Халық қаһарманы Мейіржан Аймановқа арналған ескерткіш ашылды
2021 жылдың 26-шы тамызында қоғамды дүр сілкіндірген қайғылы оқиға болған еді. Сол күні өрт сөндірушілер 10 батырдан айырылды. Қызметтік міндеттерін соңына дейін абыроймен орындап, нағыз батырлар болып қаза тапқан он өрт сөндірушінің бірі һәм бірегейі - Мейіржан Аймановқа арналған ескерткіш ашылды, жазады Egemen.kz.
Парламент • 27 Тамыз, 2023
Парламентарийлер конституциялық заңнаманы нығайту мәселесін талқылады
Конституция күні қарсаңында Парламентаризм институты мен Мәжілістің ұйымдастыруымен Мәжіліс кітапханасында «Қазақстан Республикасының конституциясы – қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың негізі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.