Пікір • 28 Тамыз, 2024
Сот жүйесін реформалау кімге керек?
Қазақстан Республикасы судьялар қауымдастығының III съезі өткеннен кейін осы уақытқа дейін жүргізілген сот реформасының жетістігі мен кемшілігін талдап, талқылап «Сот жабық корпорация емес» деген тақырыпта республикалық баспасөз бетінде («Ana tili» №44 (1564) 29 қазан–4 қараша, 2020 жыл) сыни мақала жарияланған болатын. Мақала Президент назарына ілігіп, сол кездегі Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановқа бірқатар тапсырма берген еді. Нәтижесінде, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізіліп, сот тәуелсіздігін қамтамасыз ететін жаңа толықтырулар енгізуге ұсыныстар да жасалды.
Құқық • 28 Тамыз, 2024
Әділет төрелігінің сапасы арта түспек
Дәл қазір елімізде кассациялық соттардың моделін жетілдіріп, жалпы сот төрелігінің сапасын арттыру мәселесі өзектілігін жоймай тұр. 2016 жылы сот жүйесіне жасалған реформа бүгінде өміршеңдігін жоғалтып алды. Яғни сот ісін жүргізу мәселесінде арыз-шағым мен наразылықтар артып, қарама-қайшы тұстар қордалана бастады. Мұндай жағдай саладағы заңнаманы қайта қарап, кассациялық сот моделін мейлінше жетілдіруге мәжбүрлеп отыр.
Ауыл • 28 Тамыз, 2024
Семейде ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында «Бір ауыл – бір өнім» көрме-жәрмеңкесі өтті. Бұған ауылдық жерлерде өз ісін дөңгелетіп, өнім шығарып нәпақасын тауып отырған 21 жеке кәсіпкер қатысты. Көрме-жәрмеңкені тамашалаған қала тұрғындары киіз бен ағаштан жасалған бұйымдарды, ет, пен сүт және кондитерлік өнімдерді қолжетімді бағада сатып алуға мүмкіндік алды.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2024
Білім саласына берері көп жоба
Түркістан облысында биыл бірінші сыныпқа 52 593 бала қабылданады, жалпы өңірдегі мектептерде 530 мың оқушы білім алады. Еліміз бойынша білім нысаны ең көп салынып жатқан аймақта жаңа оқу жылында мектеп саны 1052-ге жеткен. Жекеменшік 143 мектепте 35 мың оқушы оқиды. Дегенмен демографиялық өсімі жоғары облыста мектеп тапшылығы мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып келеді, шешімін күткен мәселелер де баршылық.
Ғылым • 28 Тамыз, 2024
Биыл жаз бойы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетіндегі «LabNetWork» зертхана кешенінің қызметкерлері «Apache 3» атты гидрографиялық дронды белсенді пайдаланды. Бұл аппарат Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Солтүстік Қазақстанның су ресурстарына жедел мониторинг жүргізу және гидротехникалық инженерлік құрылымдардың экологиялық бақылауы жүйесін құру» жобасы аясында алынған.