Ғылым • 28 Тамыз, 2024
Академиктердің саны емес, сапасы маңызды
Алматыда Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жаңадан сайланған академиктерін ғылыми қоғамдастыққа ресми таныстыру салтанаты өтті. Іс-шараға еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми ұйымдардың басшылары, танымал жетекші ғалымдар, Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Ауыл • 28 Тамыз, 2024
Әр ауыл ғана емес, әр аула өз иесіне табыс әкелуге тиіс
«Ауылда адам бар болса – ауыл ада болмайды, Ел иесі бар болса – елі ала болмайды». Бұқар жырау бабамыздың осы қанатты сөзі «Ауыл аманаты» сынды бағдарламаның қазіргі кезеңде ерекше маңызды екенін аңғартып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай қолға алынған осынау ауқымды жоба ауылдарымыздың ахуалын жан-жақты жақсартуға бағытталған. Президент ауылдағы ағайынның өмір сүру сапасын арттыруға, инфрақұрылымын көркейтіп, білім беру тетіктерін дамытуға байланысты қолдауды бір сәтке де назардан тыс қалдырған емес. Үкімет те осы жобаның жүйелі жүзеге асуын қадағалап отыр. Бұл демеуді елді мекен тұрғындары да анық сезініп, өсірген төлінің, еккен өнімінің нақты жемісін көре бастағаны да көңілге үлкен медеу.
Таным • 28 Тамыз, 2024
Сіз білесіз бе? Питер Пэн синдромы
Мүмкін есейгісі келмейтін, әлде өзіне жауапкершілік жүктеуден қашатын, қанша есейгенмен «бала» болып қалатындарды Питер Пэн синдромына шалдыққандар дейді екен.
Алматы • 28 Тамыз, 2024
Жыл соңына дейін 20 мектеп ашылады
Тамыздың соңы қашан да қарбаласқа толы. Ата-ана мектепке баратын баласының керек-жарағын түгендесе, қала билігіне білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау, оқушыларды тасу, тамақтандыру, халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) қарайласу сынды кешенді мәселелерді реттеуге тура келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова жаңа оқу жылының басталуына қатысты жылдағыдай БАҚ тарапынан туындайтын барлық сауалға жауап берді.
Білім • 28 Тамыз, 2024
Бірінші қыркүйекте Ақтөбе облысының 433 мектебінде қоңырау сыңғыры естіліп, 180 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастайды. Ал 1-сыныпқа 18 мыңнан астам балдырған қабылданды. Тамызда «Мектепке жол» акциясы аясында жергілікті бюджеттен әлеуметтік осал топтағы отбасы балаларына оқу құралдары мен киім-кешек сатып алуға жергілікті бюджеттен 761 млн 445 мың теңге бөлініп, ата-аналарының есепшотына аударылды. Жазғы демалыс күндерінде өңірдегі 48 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, 41 мектепте жаңа пәндік кабинеттер жасақталды.