Оқиға • 30 Тамыз, 2024
Дін мәселелері туралы тренинг өтті
«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Қостанай облысы ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 30 Тамыз, 2024
Арман Шаққалиев: Отандық сауда-саттық әлеуетін арттыру шаралары тиімді бола түсті
Еліміздегі өндіріс деңгейі шарықтап кетпесе де, азық-түлік тауарларын өндіру ісі біршама ілгеріледі. Экспорттық әлеует те соңғы жылдары арта бастады. Әрине, түйткілдер де жоқ емес. Отандық өндірушілердің сауда желілеріне өнімімізді орналастыра алмаймыз деген жанайқайын талай естідік. Таяуда Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевпен сұхбаттасудың сәті түсіп, сауда саласының сан қатпарына қатысты сауалдарымызды қойдық.
Шымкент • 30 Тамыз, 2024
Этномәдени бірлестіктердің көмегі
Жуырда Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтіп, соның аясында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан 200-ден аса жеткіншекке мектепке қажетті оқу құралы берілді.
Мектеп • 30 Тамыз, 2024
Павлодар: Қазақ мектебінің жайы қалай?
Кереку өңірінде қазақ мектебіне баратын балалар санын ұлғайту өте өзекті мәселеге айналып отыр. Білім беру басқармасының мәліметінше, өткен оқу жылында облыс бойынша мектеп табалдырығын аттаған 23,5 мың оқушының 43 пайызы қазақ сыныбын таңдаған. Ал биыл 11 мыңға жуық баланың 45 пайызының таңдауы қазақ мектептеріне түсіп отыр. Бұл сәл де болса алға жылжудың бар екенін көрсетеді. Дегенмен кейінгі жылдары ана тіліміздің ықпалы күшейе түскенін мектептер өз пайдасына жарата алмай жатқаны байқалады.
Аймақтар • 30 Тамыз, 2024
Меркідегі білім ордасы әлі дайын емес...
Тоқсан күн бойы тыныққан білім алушылар алғашқы қоңыраудың сыңғырын еститін күн таяды. Алтын ұя мектебіне асыққан жеткіншектер жаңа оқу жылын тағатсыздана тосып жүргені анық. Ал өңірдегі білім ордаларының жаңа оқу жылына дайындығы қандай?