Руханият • 10 Тамыз, 2020
Біз тарих, қоғам туралы ойланғанда арғы-бергі өткен ойшылдардың пікірлерінен аттап кете алмайтынымыз ақиқат. «Ұят, ұят, ұят – міне бүкіл адамзат тарихы осы!» деген ащы сөзді Фридрих Ницше тегін айтпаған. Бұл сөзден барлық адамзат баласы жасаған күллі күнәлардың баршасы қараңғыдағы шоқтай болып, көздері қызара жылтырап, тесіле қарап тұрғандай сезіледі. «Білімнен асар қазына жоқ, ақымақтан асар жауың жоқ, білімнен биік бедел жоқ, ұяттан артық әшекей жоқ» деген сөзді Сократ айтқан деседі. Ал Абай 36-қара сөзінде ұят туралы айтып келіп: «Ұят кімде болса – иман сонда» деген...
Әдебиет • 10 Тамыз, 2020
Мұхтар ағаның кез келген дүниесі елең еткізсе керек. Даусыз. Өйткені шөпті де, шөңгені де шимайлап, киелі қаламын текке былғамайды. Оймақтай ой айтса да елдік тұрғысынан қозғауы ежелгі мұраты.
Әдебиет • 10 Тамыз, 2020
Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес
Жастарға (үзінді) Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам, айла, зорлықсыз мал табалық. Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық.
Президент • 10 Тамыз, 2020
Қасым-Жомарт Тоқаев: Абай – рухани реформатор
10 тамызда ұлтымыздың ұлы ақыны, ойшыл тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды. Бұдан ширек ғасыр уақыт бұрын Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Абайдың 150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде өткізілген еді. Бұл торқалы той – сол тамаша дәстүрдің жалғасы.
Руханият • 10 Тамыз, 2020
Абай. Зере анамыздың хакімге көрегендікпен қойған осы бір есімі – бүкіл қазақтың бойтұмары іспетті. Ұлы ойшылдың тереңнен тартқан әрбір сөзі ұлтымызды жамандықтан сақтап, абай болуға үндейтіндей. Жүрегінің түбіне терең бойлап, жұмбақ жанның астарлы бір ойының болса да кілтін таба білген оқырманға Абай әлемі – еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, бізді жеті түнде адастырмайтын темірқазық. Әркімнің өз Абайы бар: бірімізге – ақын, бірімізге – философ, бірімізге – композитор, бірімізге – көшбасшы, енді бірімізге – келешекті көре білген көріпкел... Бастысы иісі қазаққа, әсіресе заман дамып, жылдар жылжып, ғасыр озса да асыл сөзі замандасымыздың ойындай алдымыздан шыға келетін біртуар тұлғаны халыққа таныстырып жатудың өзі артық. Сөз басындағыдай атын атасақ жеткілікті. Жүрек сайрайды. Бұл да болса, Абайдың бізбен бірге мәңгі жасайтынына дәлел болса керек.