Қазақстан • 01 Тамыз, 2022
Қалтафон қоңыраулатты. «Махмұт Базарқұлұлы жақында жетпіс жасқа толатын еді... Сізден...» деп басталған өтініш-тілек таңданта қойған жоқ. Талайдан жолдас, дос болып келе жатқан азаматқа мерейжасы тұсында бірауыз жылы сөзін арнайтын шығар деп күту әбден-ақ табиғи. Несі бар, арнаймыз. Қарайлайтын, алаңдайтын ештеңе жоқ. Жетпістің аты – жетпіс. «Бір күн дәмдес болғанға қырық күн сәлем» дейді ғой біздің қазақ. Ал біздің өз кейіпкерімізбен етене аралас-құраласқанымызға биыл дәл отыз бес жыл толады екен. «35 күз. 35 қыс. 35 көктем. 35 жаз. Осал өмір емес-ау 35 жас» деп Мұқағали жазғандай, отыз бес жыл деген – біраз уақыт. Әйтеуір, бір адамды танып-білуге жететін уақыт екені анық.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2022
Түркістан өңірі жарқырай түспек
Түркістан қаласының маңында «KEGOC» АҚ құрылысын жүргізген кернеуі 220 кВ «Орталық» жаңа қосалқы станциясы пайдалануға берілді. Ол трансформатор қуатын 250 МВА-ға арттыруға мүмкіндік береді.
Қоғам • 01 Тамыз, 2022
Шекара шебіндегі шағын ауылдар шырғалаңы
Бастапқы ойымыз – қалыптасқан дағды бойынша аудан орталығына, әкімдікке соғу еді. Бірақ жер шалғайлығына байланысты әрі діттеген орынға тезірек жету мақсатымен қиыстағы Октябрь ауылына қарай бет түзедік. 12 шақырым елді мекенге жеткенше ойқы-шойқы грейдер жол зықымызды шығарды. Жарты межеден аса бергенімізде жылдамдықты 80 шақырымнан асырмауды ескерткен белгіні көрдік. 20 шақырымдық жылдамдықпен әзер жүріп келе жатқанда жыларсың ба, күлерсің бе? Жаңадан төселген ірілі-ұсақты қиыршық тастың нығыздалмағаны бірден байқалады. Кей тұстарда көліктің жарты доңғалағына дейін кіріп кетіп, ыңырана қозғалады.
Қоғам • 01 Тамыз, 2022
Адами капиталды дамытудың негізгі көзі – сапалы білім, тәрбие беру жалпыұлттық басымдыққа ие. Бұл мәселе Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен «Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында» атап көрсетілген.
Бокс • 01 Тамыз, 2022
Чемпиондықтан үмітті боксшылар
Кәсіпқой боксшылардың статистикасын жүргізетін әлемдік boxrec.com басылымының мәліметіне көз жүгіртер болсақ, бүгінде 200-ге жуық отандасымыз кәсіби боксшылар арасында бәсі биік төрт тұжырым бойынша әлем чемпионы атану мақсатында шаршы алаңда өнер көрсетіп жүр. Әрине, қазіргі уақытта қазақстандық боксшылардың ішінде орта салмақтағы IBF және WBA Super белдіктерінің иесі Геннадий Головкиннің шоқтығы биік. Десе де, аз уақытта жанкүйерлердің көзайымына айналып, чемпиондық жекпе-жек жолында ел сенімін жоғалтпаған, кезең-кезеңімен титулды айқасқа жақындап келе жатқан бірнеше өреніміз де бар.