Қоғам • 07 Тамыз, 2020
43 мыңнан аса адам зейнетке шықты
Биылғы 7 айда 43 453 қазақстандық жасына байланысты зейнетақының тағайындалуына өтініш білдірді. Айта кетейік, өткен жылдың дәл осы кезеңінде 41 мыңнан аса азамат зейнетке шыққан.
Қоғам • 07 Тамыз, 2020
Ойымыз да, бойымыз да биік болуы керек
Күншығыс елінің астанасы Токионың аэропортында жұбайымыз екеуіміз тіркеу орнына асыға басып келе жатыр едік, алыстан, көпшіліктің арасынан биік болып тұрған зор денелі жігіт көзіме оттай басылды. Түр-тұрпаты қазаққа ұқсайды. Іштей: «Япырау, қазақ емес пе екен?», деп ойлағаным сол еді, әлгі алып жігіт маған бұрылып, «Ассалаумағалейкум, аға!» деп қолын ұсынды.
Қоғам • 07 Тамыз, 2020
«Терін сатпай, телміріп көзін сатқан» (Жергілікті фермерлер жерді жалға беруді әдетке айналдырған)
Есіл ауданында іссапарда болғанымызда жинақталған іс-тәжірибесін, кәсіби біліктілігін агроөнеркәсіп саласына арнап, маңдай терін тамшылата төгіп жүрген еңбеккерлер туралы көп естідік. Біздің ойымызды тап басқандай солардың бірі «Прометей» ЖШС-нің директоры Юрий Щоль екенін аудан әкімі Алтынбек Абдоллаев алдымен атады.
Руханият • 07 Тамыз, 2020
Биыл Кеңес Одағының Батыры, қазақтың аяулы қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 95 жыл. Отаны үшін отқа түсіп, жас өмірін қиған батыр қызға халқымыздың, сондай-ақ басқа да көптеген елдің құрметі ерекше. Әлияның ерлігіне басын иіп, құрмет көрсететін жұрттың ішінде, әсіресе Ресей халқының орны бөлек.
Қоғам • 07 Тамыз, 2020
Алматы іргесіндегі ауыл тұрғындары алаңдаулы
«Egemen Qazaqstan» газетінің Алматы облысындағы тілшілер қосынына Іле ауданы, Байсерке ауылдық округі, Қоянқұс ауылына қарасты «Қоянқұс» бау-бақша серіктестігі тұрғындары өтініш айтып хабарласты. Ауылдағы ағайын бірнеше жылдан бері шешімін күткен әлеуметтік мәселенің түйінін тарқатуға жергілікті атқарушы билік өкілдерінің құлықсыздығына наразылық білдіріп, басылым арқылы жоғарыға мұң-зарын жеткізгісі келеді екен.