Спорт • 01 Тамыз, 2022
Шахматтан Үндістанның Ченнаи қаласында өтіп жатқан олимпиаданы Қазақстанның қыздар құрамасы сәтті бастады. Жерлестеріміз алғашқы екі ойында Гватемала мен Бельгия құрамаларынан басым түсті.
Футбол • 01 Тамыз, 2022
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен павлодарлық «Ақсудың» жартылай қорғаушысы Айбол Әбікеннің тыйым салынған препаратты қолданғаны анықталып, ресми түрде футболдан төрт жылға шеттетілді.
Спорт • 01 Тамыз, 2022
Хорватияның Задар қаласында ұйымдастырылған волейболдан әйелдер арасындағы Challenge Cup жарысы мәресіне жетті.
Аймақтар • 01 Тамыз, 2022
Қостанайда 2020-2025 жылдарға арналған индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 179 млрд теңгеден асатын бес бірдей ірі жоба жүзеге асырылады. Машина жасау саласына соны серпін беретін ауқымды жобалардың нәтижесінде осы жылдың өзінде мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарланып отыр.
Қоғам • 01 Тамыз, 2022
Жұмысқа тұруға қажетті құжаттар – арнаулы сервисте
hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталында «Қызметкердің жеке ісі» сервисі іске қосылды. Аталған сервис жұмыс берушіге жұмысқа орналасатын қызметкер туралы мәліметтерді электронды түрде алуына мүмкіндік береді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.