Медицина • 25 Тамыз, 2022
Сақтандырудағы сан сауал сапалы ем алуға кепіл болса игі
Ел мен жұрттың есендігін ескеріп, саулығына сақ қарайды дейтін салмақты саланың жетістігі де, жетіспеушілігі де бар. Соның бірін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айшықтап айтты. Бұл – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі.
Қазақстан • 25 Тамыз, 2022
Жаңа Қазақстанның Конституциялық соты
Барлық мемлекет үшін Конституция ұлттық идеяның қайнар көзі, қоғамды жұмылдыратын басты құқықтық құжат болып табылады. Конституция – тыныс-тіршіліктің әр саласын үдемелі дамытудың қозғаушы күші. Ата Заңның жасампаз әлеуеті заманауи сын-қатерлерге сай болып қана қоймай, мемлекеттің ұзақмерзімді дамуының базасы болуға тиіс. Екінші жағынан алғанда Конституция қатып қалған, өзгермейтін құжат емес. Осы тұрғыдан қарасақ, биыл өткен Қазақстандағы конституциялық реформа уақтылы жүргізілді.
Әлем • 25 Тамыз, 2022
Оңтүстік Корея мен Жапония Азияның көршілес мемлекеттері болса да әлі күнге дейін шешілмеген жер дауы бар. Екі ел арасындағы бізге беймәлім текетірестің туындағанына да мыңдаған жыл болды. Даудың туындау себебінің бірі – Докто аралының мәселесі. Бүгінде қос елге ортақ болып саналатын арал шындығында кімге тиесілі?
Әлем • 25 Тамыз, 2022
Сирияда соғыс оты қайта тұтанды
Сириядағы соғыс таяуда бітер деген үміт бар еді. Алайда күні кеше соғыс оты қайта тұтанды. Сейсенбі күні АҚШ-тың шабуылымен басталған қақтығысқа қарсы жауап ретінде жергілікті жасақтар да нақты әрекетке көшті.
Экономика • 25 Тамыз, 2022
«Қара алтын» өндірісінің қарашаңырағы
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Ғасырлық дәстүр – тұрақты даму» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара отандық мұнай-газ кешенінің қарашаңырағы – «Ембімұнайгаз» компаниясының 100 жылдығына орай ұйымдастырылды.