Экономика • 25 Тамыз, 2022
«Сбербанк Қазақстан» құрылтайшылары өзгереді
Батыс санкциясына ұшырағаннан кейін қызметін бұрынғыдай лайықты деңгейде жүргізе алмаған «Сбербанк Қазақстан» бірнеше айдан бері өзін сатып алатын акционер іздеген еді. Дерек көздері бірнеше рет ықтимал акционер ретінде «Бәйтерек» холдингін атаған және сол болжам шындыққа айналды.
Экономика • 25 Тамыз, 2022
Шаруаны техникасынан айырған «ҚазАгроҚаржы»
Фермерлерді ауыл шаруашылығына қажет техникамен қаруландырып, өңірлерді өркендетуге үлес қосады деп сенім артылған «ҚазАгроҚаржы» АҚ соңғы уақытта бағытынан жаңылып жүргендей. Лизингке алған техникасының төлемін кешіктірген немесе қаржылық қиындықтан келісімшарттың кейбір тармақтарын орындай алмай отырған шаруаларды компания қос өкпеден қысып, түрлі бассыздыққа барған. Мұндай шектен тыс шаралар өңірдегі диқандардың ашу-ызасын тудырып отыр.
Қоғам • 25 Тамыз, 2022
Жаңа оқу жылына санаулы күн қалғанда Орал қаласындағы Сәкен Ғұмаров атындағы көркемсурет мектебінің ұжымы қиын жағдайда қалып отыр. Жарты ғасырға жуық өз ғимараты болмай, көшіп-қонып жүрген мектеп осыдан бір жыл бұрын ғана орналасқан ғимаратынан тағы да айырылып қалуы мүмкін.
Қоғам • 25 Тамыз, 2022
Қазіргі таңда көзін жаңадан тырнап ашқан сәбидің өзі әке-шешесінің қолындағы телефонға ұмтылатын болды. Онсыз ас ішіп, аяқ босатпайтын күйдеміз. О, құдірет зар жылап жатқан сәби қолына смартфон тисе, жымың қағып жайдарлана қалатынын қайтесіз. Екі жастағы бала анасының смартфонын ашып-жауып өзіне қажет дүниені тауып алатындай қабілетке ие болса, бес жастағы баланың жекеменшік телефоны бар қазір. Осы орайда, «жас балаларға смартфонның зияны бар ма, әлде жоқ па?» деген сұрақ қазір қоғамның бас ауруына айналатын түрі бар. Өйткені бала тәрбиесі – баршаға ортақ болғандықтан, бұл сұрақтан біз де тыс қала алмаймыз.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2022
Қазақтың даналарынан қалған «Жол мұраты – жету» деген нақыл бар. Барлық жолаушы алыс не, жақын болсын, діттеген жеріне аман-есен жетуді қалайды. Алайда Атырау облысында қапелімде жеткізе қоймайтын жол аз емес. Соның бірі – мұнайлы шаһардан Ресей Федерациясындағы Астрахань облысының шекарасына дейін созылған жол.