Аймақтар • 04 Тамыз, 2020
Бүгінде республикалық маңызы бар жолдар бойында 2 мыңнан астам сервис нысандары орналасқан. Өкінішке қарай, оның жартысына жуығы ғана ұлттық стандарттар талаптарына жауап береді. Қалғанында санитарлық-гигиеналық, қолжетімді қызмет көрсету жайы төмен, басқа да кемшіліктері көп. Сапасы сын көтермейтін нысандар Солтүстік Қазақстан облысында да аз емес.
Қоғам • 04 Тамыз, 2020
Оқырмандар онлайн олимпиадаға ой қосты
Жуырда бас басылымда «Онлайн олимпиадалар ойды жетілдіреді» («EQ», 21 шілде, 2020 жыл, №138) атты мақала жарық көрген еді. Мектеп қабырғасында қатысуға міндеттелетін пәндік олимпиадалар көбінесе қатысушылардың пікірін ескере бермейді. Бұл бүгінге дейін күрмеуі шешілмей келе жатқан түйін. Осы мәселеге бейжай қарамаған оқырмандардың пікірі сан алуан.
Ғылым • 04 Тамыз, 2020
Елордамен бірге ұлттық ғылым да жасарды
Осыдан 22 жыл бұрын сайын даланың төріне жылжып, самарқау жатқан Сарыарқаның тамырына ыстық қан ойнатқан еңселі елорданың дұшпанға сес, досқа ес боларлық бүгінгі айбын-ажары тым ерек-ақ. Басқасын айтпағанда, ширек ғасырға жуық уақыт ішінде отандық ғылымның сан салалы көшін бастап, халықаралық ірі ғылыми орталыққа айналған абат шаһарда талай жас талаптың қанаты бекіп, сан саланы қамтыған озық ойлы жас буын ғалымдар шоғыры қалыптасты. Олардың біразы бүгінде еліміздің әр аймағында ізденістерін жалғастырып, отандық ғылымның дамуына үлес қосып жүр.
Аймақтар • 04 Тамыз, 2020
Қауіпті індетке шалдыққандарды емдеуде ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген дәрігерлерге қолдау білдіруші көп. Солардың қатарына Атырау облысындағы Қазақстан халқы Ассамбеясы филиалының мүшелері мен еріктілері де қосылып, игіліктің істің ортасынан табылды.
Әлем • 04 Тамыз, 2020
Аустралияның Виктория штаты COVID-19 өршуі жайында дабыл қағып, Мельбурнға коменданттық уақыт енгізді, деп хабарлайды Reuters. Елдегі екінші қала саналатын Мельбурн бұған дейін де 6 апта карантинге жабылған еді. Бір күннің ішінде ауру жұқтырған викториялықтар саны 671 адам болып, 5 млн тұрғыны бар штат орталығы сағат 20:00-ден 05:00-ге дейін коменданттық сағаттың тәртібіне бағынуы тиіс деген шешім шықты.