Осыдан 22 жыл бұрын сайын даланың төріне жылжып, самарқау жатқан Сарыарқаның тамырына ыстық қан ойнатқан еңселі елорданың дұшпанға сес, досқа ес боларлық бүгінгі айбын-ажары тым ерек-ақ. Басқасын айтпағанда, ширек ғасырға жуық уақыт ішінде отандық ғылымның сан салалы көшін бастап, халықаралық ірі ғылыми орталыққа айналған абат шаһарда талай жас талаптың қанаты бекіп, сан саланы қамтыған озық ойлы жас буын ғалымдар шоғыры қалыптасты. Олардың біразы бүгінде еліміздің әр аймағында ізденістерін жалғастырып, отандық ғылымның дамуына үлес қосып жүр.

Астанада алғаш болып ашылған диссертациялық кеңесте ғылым кандидаттығын қорғаған жас ғалымның бірі – бүгінгі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымының докторы Алмасбек Әбсадық.
– 1997 жыл – кандидаттық диссертациямды қорғау мақсатында Еуразия университетінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан кезім. Сол жылы Еуразия ғылыми институты ашылып, оған академик Сейіт Қасқабасов жетекші болып келді. Сол кісінің жетекшілігімен «Абылай туралы аңыздар» тақырыбындағы диссертациясын жазып, аяқтап, 1998 жылы маусым айында қорғайтын болып шешілген болатын. Мамыр айында Ақмола Астана болып өзгерді. Сол кездегі қарбаласқа түсіп, жанталасқан сәтім әлі есімде. Себебі авторефераттың сыртқы мұқабасына Астана емес, Ақмола деп жазылған еді. Соны шұғыл өзгерту керек болды. Біздің диссертациялық жұмысымыз 24 маусым күні қазіргі Еуразия Ұлттық университетінде тұңғыш ашылған диссертациялық кеңесте қорғалды. Павлодар университетінің оқытушысы Нартай Жүсіп екеуміз бірге қорғадық. Бұрын-соңды Ақмолада, ғылымның қай саласы болсын, мұндай диссертациялық кеңес болмаған еді. Сондықтан бұл жалпы Астана тарихында тұңғыш ашылған алғашқы диссертациялық кеңес болып есептеледі. Академик Сейіт Асқарұлы Қасқабасов бас болып әдебиеттану-фольклористика саласында осындай диссертациялық кеңес жасап, жұмысымызды қорғадық. Қазір ол ғылыми кеңес өз жұмысын жалғастырып жатыр. Содан бері қаншама дарынды жас ғалымдар ғылыми тақырыптарын осы кеңесте қорғап шықты.
Сондықтан астананың іргетасы біздің көз алдымызда қаланды десем, қателеспейтін шығармын. Ол кезде астананың кейпі күн сайын өзгеріп отыратын. Қай жаққа қарасаң да керіктей керілген крандар, бұрын біз көрмеген зәулім ғимараттар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап, бірінен кейін бірі бой көтеріп жатты. Астананың тұсаукесеріне дайындық жүріп жатқан қауырт кез де есімде ерекше сақталыпты. Көше біткен кеңейтіліп, тақтайдай болып қайта төселді. Әсіресе ескі орталықтың маңы, Республика, Абай көшелерін күрделі жөндеуден өткізуге үлкен күш салынып, ауқымды жұмыс атқарылды. Біз соның ішінде жүріп, Астана астана болғалы мемлекеттік тілде тұңғыш ашылған диссертациялық кеңесте алғашқылардың бірі болып ғылыми жұмысымызды қорғағанымызды мақтан етеміз. Бұл тарихта қалатын ұлы оқиғалардың кішкентай ғана бір суреті ретінде астана жылнамасына жазылуы керек деп ойлаймын. Ойымызды Елбасы сөзімен тұжырар болсақ, «Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз». Бүгінде жалпыұлттық мерекеге айналған астана мерейтойы мен үшін ерекше қымбат. Сондықтан ба, үнемі астанаға аңсарым ауады да тұрады, деді ғалым.
Алмасбек Ахметұлы араға он шақты жыл салып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде шәкірт тәрбиелеп, біраз жыл ұстаздық етті. Бұл – елорданың қай салада болсын өркендеп, дамып кеткен кезеңі еді. Сонымен бірге әлемдік деңгейдегі көрнекті ғалымдар шоғыры қалыптасып, бас шаһардағы ғылыми ортаның әбден орныққан кезеңі. Баяғы өзі кандидаттық диссертация қорғаған тоқсаныншы жылдардың аяқ кезіндегі астана мен өзі көріп тұрған еңселі шаһарды салыстыруға мүлде келмейтін еді. Бұрынғыдай емес, жастығына қарамай, сан алуан ғылым саласында елеулі жетістікке жеткен дарынды жас ғалымдар көп. Ғалым соңғы жиырмажылдықтың ар жақ, бер жағында ұлттық ғылымның жасарып кетуін ел астанасының Сарыарқа төсіне қоныс аударумен тікелей байланыстырады.
– Оның ең бірінші себебі – елордада іргелі жоғары оқу орындары мен отандық және халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтары көптеп ашылды. Тұңғыш Президенттің бастамасымен заманауи интеллектуалды орталықтар қалыптасты. Қазақ жастарының әлемдік стандарттарға сай сапалы білім алуына даңғыл жол ашылып, ғылыми әлеуеттің дамуына бұрын-соңды болмаған үлкен мүмкіндіктер туды. Мәселен, қазақ жастары «Болашақ» бағдарламасы арқылы білім алып, біразы ғылым жолына түсті. Елбасының идеясымен Назарбаев Университеті жұмыс істей бастады. Білім беру жүйесіндегі көшбасшы оқу орны ретінде танылған білім ордасына қазақтың ең қабілетті балалары оқуға қабылданып, оларға әлемнің ең таңдаулы деген білімпаздары дәріс бере бастады. Бұрын мұндай заман жүз ұйықтасақ түсімізге кіріп пе еді?! Сондықтан ұстаз әрі ғалым көзімен қарайтын болсақ, Алаш айбынын асқақтатқан астана күні ұлттық ғылымның да дамуына бастау болған маңызды мереке, – деді профессор.
Рас-ақ! Бұрын қалай ойламағанбыз?!
Қостанай облысы
Биыл қазақстандықтарға қанша зейнетақы төленді?
Қоғам • Бүгін, 10:54
Алматыда троллейбустан өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 10:45
Туристер Есік көлі мен Түрген шатқалына бара алмайды
Аймақтар • Бүгін, 10:22
Елордада коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация қалай жүріп жатыр
Қоғам • Бүгін, 10:11
Елімізде 35 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 09:58
Биыл Меркі-Шу-Бурылбайтал жолы ашылады
Қазақстан • Бүгін, 09:45
Бас мүфти Рамазан айының басталуымен құттықтады
Видео • Бүгін, 09:45
Шығыс Қазақстанда бір апта ішінде 22 өрт тіркелді
Аймақтар • Бүгін, 09:39
Қазақстандықтар наурыз айында 2900-ге жуық алтын құйма сатып алды
Қаржы • Бүгін, 09:35
Елімізде өткен тәулікте 1197 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:25
Қазақстан бойынша өткен тәулікте 2016 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:23
Нығматулин: Бұл ай – әрбір адамға рухани күш-жігер береді
Қоғам • Бүгін, 09:21
Асқар Мамин қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 09:12
ТОП-30 теннисшінің қатарына оралды
Теннис • Бүгін, 08:40
Өнер • Бүгін, 08:34
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Оқиға • Бүгін, 08:30
Саясат • Бүгін, 08:26
Үкімет • Бүгін, 08:17
Маман даярлаудағы маңызды тетіктер
Қоғам • Бүгін, 08:15
ARASHA отбасындағы агрессорлардан арашалайды
Қоғам • Бүгін, 08:12
Қарағандыда карантин күшейтілді
Аймақтар • Бүгін, 08:09
Үш жүз мыңнан астам адам екпе салдырды
Қоғам • Бүгін, 08:05
Бизнесте әйелдердің үлесі қандай?
Экономика • Бүгін, 07:59
Күрес • Бүгін, 07:59
Өнер • Бүгін, 07:57
Әлем • Бүгін, 07:56
Қытай Alibaba компаниясына айыппұл салды
Әлем • Бүгін, 07:54
Руханият • Бүгін, 07:50
Мемлекет басшысының Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтауы
Президент • Бүгін, 07:44
20 млрд теңгеге жуық көлік салығы түсті
Экономика • Бүгін, 07:41
Іріктеуді ірі жеңіспен түйіндеді
Спорт • Бүгін, 07:39
Тұрлыханов президенттік қызметке қайта сайланды
Оқиға • Бүгін, 07:38
Үшінші бесжылдық: Меже мен міндет
Экономика • Бүгін, 07:35
Руханият • Бүгін, 07:33
Тарих • Бүгін, 07:31
Солтүстік Ирландиядағы жастар наразылығы
Әлем • Бүгін, 07:25
Бокс • Бүгін, 07:25
Павлодарда жағдай күрделене түсті
Коронавирус • Бүгін, 07:21
Зілтеміршілердің әлем біріншілігі Ташкентте өтеді
Спорт • Кеше
Руханият • Кеше
Таным • Кеше
Әулиеата өңіріндегі ауыр кезең
Тарих • Кеше
Семейліктер көлік қатынасынсыз қалмайды
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Иран ядролық келісімі қайта қаралуы мүмкін
Әлем • Кеше
QAZCOVID-IN – ең қауіпсіз вакциналардың бірі
Медицина • Кеше
«Қырық қыз» – түркі халықтарына ортақ мұра
Тарих • Кеше
ТЖД жиынтық бөлімшелері тасқынға қарсы күресті қызу жүргізуде
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Алматылық студент жаһандық жарыста топ жарды
Спорт • Кеше
Ұлттық қордағы қаржы айтарлықтай азайған
Экономика • Кеше
Алматыда 99-дағы қария коронавирусты жеңді
Коронавирус • Кеше
«Рухани жаңғыру»: 4 жыл ішінде мәдени бағдарламалар жаңа серпін алды
Қазақстан • Кеше
Шымкентте 24 Мобильдік топ рейдке шықты
Аймақтар • Кеше
Тобыл қаласында тұңғыш ұлттық өнер орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Президент Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
Президент • Кеше
Тоқсандықтың қорытындысы бойынша Шымкент алда келеді
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева «Спутник V» вакцинасын салдырды
Медицина • Кеше
Қаржы вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодарда ер адам жалған құжатпен шекарадан өтпек болды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда ғарышкерлер күніне орай акция басталды
Қоғам • Кеше
Бас мүфти қазақстандықтарға үндеу жасады
Қоғам • Кеше
Қызылордада 10659 адам індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Кеше
Елордада дезинсекциялық жұмыстарға дайындық басталды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар